Мақсаты: оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Міндеттері:
- Қиын жағдайларда оқушылардың мінез-құлқын ескеру, сындарлы жағдайларда өзін-өзі ұстау тәсілдерін үйрету.
- Оқушыларды өзін-өзі зерттеу және түзету; оның «өмірде» керектігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызу.
Жұмыстың барысы:
Тапсырма: ертегінің соңына дейін жабық көзбен тыңдау керек.
Бірде әдемі ағаштар арасында әдемі орманда жылдар бойы тығыз қабыршақты және жіңішке бұтақты бір «қисайып кеткен ағаш» өмір сүрді. Ол өзінің ұсқынсыз көрінісімен басқа ағаштарға күлкі болып жүрді. Ұзақ жылдар бойы өзіне көңілі толмай, жиркенішпен өмір сүріп, басқаларға қызығу мен қызғанышта болды. (Метафоралық дағдарыс: оның өз ерекше ұсқынын қабылдамау, өзін басқалармен салыстырып сәтсіздікке баламалау, «қисайып кеткен ағаш» қайғырады, оның ерекшелігін айқындап айтатын достары жоқ)
Бірде орман кесушілер келді. Олар, бір-бірлеп ағаштарды кесіп жүк көлігіне тиеп әкетті. «Оларды жиһаз фабрикасына апарып әдемі жиһаз жасайды, ағаш бұйымдар әзірлейді, ал мен пайдасыз болып қала берем. Өйткені мен шірікпін, мені ешкім керек қылмайды …» (Метафоралық дағдарыс: реніш, қызғаныш, фрустрация)
Бір күні таңертең орманды шал кезіп жүреді. Ол ұзақ уақыт бойы орман аралап жүріп, үйін жылыту үшін отын жиып алды. Біреуге пайдалы болуым мүмкін емес деп шешкен «Дәрменсіз» қисық ағаш шөптің арасында жатыр еді. Оны ер адам байқап көтергені өте таң қалдырды. Қария ағаштың мықтылығын тексеріп, арбасына төнкеріп салып алды. «Дәрменсіз» қисық ағаш өз тағдырын сезді: отқа жанып күл-қоқыспен далаға шығары анық. Бірақ та бұған қарамастан, бақытты болды! (метафора: «Кейде, жарамды болуға деген талпыныс «пайдалылығы» біз өзімізді «суицидке» итермелеп «жанып» кетуге әзірлігімізді білдіреді»).
Ол арбада әр түрлі таяқ ағаштардың ортасына тап болды, дереу қызғаншақтар да, дос та табыла кетті. Әдеттегідей зиянкестер көп болып, олар оның кемшілігін айтып, кемсіте бастады. Онсыз да жылдар бойғы қайғысына қосылып бұл сөздер оған ауыр соққы болды (бейсаналық процестер).
Кенеттен арба соқпақ жолдан қатты селкілдеп «қисық ағаш» тау-тастан домалап төменге құздан ұша жөнелді! Тіпті отқа жануға да мүмкіншілік тумаған не деген сорлы едім… Қаншалықты қиындыққа тап болғанын түсінген ағаш өмір бойы көрген қиыншылықтары көз алдына елестеді. Ол бар күшімен қайтсе бір нәрсеге ілініп аман қалсамғой деп тіледі. Пауза….(Метафоралық дағдарыс: өмірін өзгертуге мүмкіндік)
Ол теңізге құлады. Бұл не? Мен қайдамын? Енді не болады? –деп ойлады «қисық ағаш». Бұл түсініксіз жағдай болды … теңізде дауыл басталып, ол ауада көп қалықтады. Жел күшейіп, теңіз үлкен қауіп төндіріп, бұлттар жақындап, қараңғы болды. Ағаш суық толқынға батып, теңіз оны аямай лақтырды. Біткен жерім осығой деп үміті үзіле бастады … Бірақ дауыл баяу саябырси бастады … аспанда күн көрінді … «кисық ағаш» айналасына қарап, жан жағы қызықты әлемге таңырқай бастады… маржан рифтер, тамақ іздеп су үстінен ұшып бара жатқан бірқазан, жағымды және жұмсақ теңіздің жылы толқындары, сүйікті баланы тербеткен тәрізді: оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп, тыныштыққа кенелді. Және ол бұл дүниеде өз ерекшелігін, қайталанбастығын сезінді. Пауза…. (метафора: су мен дауыл – жан және дағдарыс символы. Неғұрлым дағдарыс адамды күйзелтсе, адам өз өмірін өзгертуге асығады, ол өзін табады, яғни ол өз көзқарасын өзгертуге мүмкіндік алады, оның ақылы толып, өзін сабырлы сезініп өзгереді. Жан «саулығы» пайда болып, аз уайымдап, оның өмірі осы дауылдан кейін жаңара бастайды).
Ол толқындар арқылы жүзіп жағаға да жетті. Тағы да, дәрменсіздік… және қай уақытқа дейін осында жатар екен… ешкімге керексіз шаң, тозаң болып… Менің өмірім қандай мағынасыз болды десеңші.! –деп, күнге кыздырынып жатып ұйықтап қалды. Жел соғып теңіз тұзы басып, бірте-бірте күн тұзарды кристалдарға айналдырады… ағашты жарқырата түсірді. Қисық ағаш тағы налады….( невротикалық кедергі: адам бір нәрсеге үнемі наразы болып тұрады.)
Ол біреудің нәзік қолы тиіп, оятып, көтергенін сезеді. Бір адамның жымиып: «Бұл ғажайып! Неткен керемет! –деп тұрғанына «Дәрменсіз» қисық ағаш таңырқады. «Ол бірде-бір адамның сонша махаббатын сезбеген … (кідірту) … және өзі жайлы осындай мақтау ешқашан естімеген… (кідірту) және ешкімнің нәзік қолын сезбеген… (ұзақ үзілістен). Адам оның шаң топырағын сілкіп, сырлап, жылтыр лакпен бояп, түсін өзгертіп үйге әкелді. (Метафора: жекетаным; өзіндік «тұсаукесер»)
«Қисық ағаш» таңырқай берді, оны бір ерекше көптеген адамдар келетін жерге әкеп қойды. …олар оның пішінінің ерекшелігіне, көркемдік мәніне тамсанды … (ұзақ кідіріс) «қисық ағашқа» «теңіз сыйлығы» деген жазуы бар стендке орналастырып және үлкен құрметке бөленді. Ол бірнеше рет түрлі жарыстарға ұсынылып, және көптеген марапаттарға ие болды. Дүниежүзі бойынша, оның жылылығымен талғампаздығы және өзге де керемет қасиеттері көп айтылып, қымбат бағаланды. «қисық ағаш»: «Қанша қиыншылықтарды басымнан өткіздім, өмірімнің соңында өмірдің мәнін таптым» — деп масаттанды. (Метафора: Триумф)
Сезімдермен бөлісіп, ертегіге талдау жүргізіледі:
- Сіздің ойыңызша өзін-өзі қабылдау деген не?
«Жағымды афоризм» жаттығуы.
Нұсқау: Әртүрлі мәселені шешуде көмектесетін афоризмді ойлап табу. Мысалы: бір адамның ісі алға басса, өзіңізде сенімділік пайда болады. Жұмысыңыз жүрмесе, өзіңізге деген қатынасты өзгертіп, «ол жасаған іс менің де қолымнан келеді» афоризмін қолданыңыз.
Сатышова Арай Сапарбаевна,
«С. Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы,
Шымкент қаласы