Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары

Психоадаптация:

Мақсаты: тұлғаның жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу – балабақшаға алғаш келген баланың жаңа ортаға үйренуі, күн тәртібіне бейімделу, сонымен қатар ата-анасына балабақшаға өмірін таныстыра отырып, психологиялық көмек көрсету.

Психологиялық диагностика:

Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлға аралық өзара әрекет ерекешеліктерін зерттеу. Әрбір балаға психологиялық-педагогикалық диагноз жасау.

Психокоррекция және дамыту:

Мақсаты: тұлғаның психологиялық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту.

Психокоррекция ағарту жұмыстары:

Мақсаты: тұлғаның психологиялық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау. Бұл – балалармен, ата-аналармен, педагогтармен және ұжымның барлық мүшелерімен алдын-ала жүргізілетін жұмыс түрі. Бұнда жүргізілген жұмыс нәтижесіне байланысты кеңестер мен ұсынбалар беріледі.

Психологиялық кеңес:

Мақсаты: педагогикалық үрдіске қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу.

Психологиялық білімді көтеру

Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.