Алматыда балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтеді
Өткізілетін күні мен уақыты: 27-28 тамыз 2018 ж. 10:00-14:00
Өткізілетін орны: Алматы қ., Абай даңғылы, 8/1 (Сатпаева көшесі жағынан)
Ұйымдастырушылар: «BAURZHAN Foundation» жеке қоры, ҚР үстел теннисі Федерациясы, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығы
27-28 тамыз ҚР үстел Федерациясының және ҚХР-дың Алматыдағы бас консулдығының қолдауымен BAURZHAN Foundation» жеке қорының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен жарыс өтеді. Бас жүлде – Қытайда болатын кәсіби жаттықтырушылардың шеберлік сыныбына жолдама.
Үздік чемпион атағы үшін Қазақстанның 14 аймағының 30 балалар үйінен 38 тәрбиеленушісі бақ сынасады. Жас спортшы қыздар 9-12 және 13-16 жас аралығында ойнайтын болады. Спорт шыңын бағындырғысы келетін қыз балаларға бұл жарыстың беретіні көп. Олар өз қабілеттерін жетілдіре түсуге және басқа да қатысушылармен жарысып, жаттығу мүмкіндігіне ие болады.
Қатарынан 2 жыл өткізгелі отырған «Пинг-понг ханшайымы» — Қазақстандағы теңдесі жоқ бірден-бір әлеуметтік жоба. Жарыстың кең етек жаю себебі ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан Қазақстан спортын жоғарғы деңгейге көтеру ынтасымен түсіндіріледі.
27 тамыз күні сағат 10:00-де ҚР үстел теннисі Федерациясында кәсіби спортшылардың қатысуымен баспасөз конференциясы мен турнирдің салтанатты түрде ашылуы өтеді.
28 тамыз күні сағат 10:00-де чемпионды анықтау мақсатында жарыс ойыны өткізіледі.
«Пинг-понг ханшайымы» — жас қыздардың спортқа деген қызығушылығын оятып, кабілеттерін ашуға көмектесіп, болашақта спорт әлемінде өздерінің орнын таба алатындай жағдай жасайтын әлеуметтік маңызы бар жоба.