Home » Жаңалықтар » «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы талқылануда – Обсуждается проект Закона «О статусе педагога»

«Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы талқылануда – Обсуждается проект Закона «О статусе педагога»

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы әзірленуде. Аталмыш Заң жобасын әзірлеу барысында арнайы жұмыс тобы құрылған. Заң жобасы дайындалған кезде жұмыс тобының мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде жобаны талқылау мақсатында педагог және ата-аналар қауымдастығымен кездесетін болады.

Осы орайда ҚР БҒМ мектеп педагогтарын, колледж және ЖОО оқытушыларын, мемлекеттік орган өкілдерін, ата-аналар қауымдастығын әзірленіп жатқан Заң жобасын талқылауға қатысуға шақырады. Заң жобасы аясындағы ұсыныстарды bilimdiel.project@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу қажет. Келіп түскен ұсыныстар edu.gov.kz, www.bilimdinews.kz,  www.bilimainasy.kz сайттарының «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын талқылаймыз» айдарында және «Білім айнасы», «Білімді ел» республикалық газеттерінде жарияланатын болады.
Елбасы биылғы Жолдауында жария еткен педагог мәртебесін көтеруге бағытталған жаңа Заң ұстаз беделін арттырып, қоғамдағы ұлы мамандық иелерінің мәртебесін көтеруге ерекше ықпал етпек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.