Home » Жаңалықтар » ПЕДАГОГИКА КАДРЫ

ПЕДАГОГИКА КАДРЫ

Ақпан айының жиырмасы мен наурыз айының оны аралығында, «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінді оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» аясында  Павлодар облысы, «Өрлеу» орталығында курс өткізілді.

Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, осы курстан өту жаңаша жұмыс тәсілдерін меңгеру менің міндетім. Сондықтан әр әрекетке мұқият болуға тырыстым. Көрген-білгенді көкейге тоқи отырып, ой қорыта бастадым.

Курс жетекшісі Аюпова Назым Алиятовна болды. Назым өте қарапайым, тәжірибе өтілі – жеті жарым жыл болса да,  жұмысына тиянақты, жауапкершілігі мол, талапшыл, шеберлігі өте асқақ деңгейде шыңдалған, адамдармен тез тіл табысатын, өзіне баурай алатын қасиет бойында дарыған, байсалды жас маман.

Оқу барысында Тренер мұғалімдердің қажеттіліктеріне орай көмек бере алу үшін байланыс орната білді. Өзара түсіністік орнатумен қатар өзінің  оқу мақсатына қол жеткізудегі және мұғалімдердің күткен үміті мен сенімін ақтай алудағы сенімділігі – біздер  үшін де оқудың жағымды, өнімді және нәтижелі ахуалын қалыптастыруға жағдай жасады.

Біз  курстан нені күтетініміз туралы  оқудың аяғында:

  • Оқу мақсаттарына қайта оралып, қойылған мақсатқа қол жеткізілгендігіне көз жеткізе білді;
  • Мұғалімдермен алған әсерлерімен бөлісе алды;
  • Тренер мұғалімдердің іс-тәжірибесін қолдануға – оларды тыңдап, сабаққа белсенді қатыстырды;

Сабақ өткізу тәсілі өте жоғары деңгейде болды. Әр сабақта мұғалімдермен байланыс орнатып отырды, қажеттіліктерін анықтауда түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды, күтілетін нәтижені, мақсат міндеттерімізге қол жеткізе алуымыз бен кемшіліктерімізді толықтыра алды. Сабақ өткізуімізге пайдалы болуы мүмкін кейбір кеңестер мен ұсыныстар, идеяларды, ой-пікірлерді ортаға сала білді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының маңызы мен өзгерістерін, ерекшеліктерін, бағалау критериалдарын, сабақты тиімді жоспарлаудың жолдарының түрлі әдіс-тәсілдерімен еркін, түсінікті жеткізді. Курста біреуді «оқытуға» емес, оқу барысында тыңдаушыларға қолдау көрсетуге  көп назар аударды.

Ал бұл курс бастауыш саласында еніп жатқан көптеген өзгерістер мен жаңалықтарды, соның ішінде жаңартылған білім беру аясындағы тың мәліметтерге толы болды. Осы курстан өзімнің білім қоржынымды жаңалықтармен, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен толықтырып, алдағы жұмыс жоспарыма, оқушыларымды жаңаша оқытуға үлкен күш-жігермен оралғанымды мойындаймын. Тренеріміз Аюпова Назым Алиятовнаға алғысым шексіз және шығармашылық табыс тілеймін.

Болашақта жас мамандар біздердің осындай тәжірибелі, дарынды, талантты, шебер, мұғалімдерге жаңаша әдіс-тәсілдер, кеңестер мен ұсыныстарды ортаға салатын. Білімді ұрпаққа тәрбиелеуге бағыт жасайтын курстар мен тренерлер, білімге құштар  жастар қатары көбейсін деп тілеймін.

№37 жалпы білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Гүлназира Бекболат
Павлодар қаласы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.