Home » Жаңалықтар » «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті ұстаздар, педагогтер!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің 5 бағытты қамтитын «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

Білім беру ұйымдарының педагогтері 22 аталым бойынша конкурсқа қатыса алады.

Жеңімпаз педагогтерге ақшалай сыйлықтар беріледі.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына сілтемеден www.orleu-kyzylorda.kz немесе 8(7242) 26-29-03 телефонына хабарласып біле аласыздар.

Бұл конкурс – шығармашыл, ізденімпаз ұстаздар үшін үлкен мүмкіндік, ендеше мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!!!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.