Home » Жаңалықтар » «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы                   10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтері өз жұмыстарын (бейне-сабақ, бейне-дәріс) 22 номинация бойынша ұсына алады.

Конкурс туралы толық ақпаратты Қызылорда филиалының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінен (тел.: 8(7242) 26-29-03) немесе http://www.orleu-kyzylorda.kz сайтынан біле аласыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.