Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтері өз жұмыстарын (бейне-сабақ, бейне-дәріс) 22 номинация бойынша ұсына алады.
Конкурс туралы толық ақпаратты Қызылорда филиалының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінен (тел.: 8(7242) 26-29-03) немесе http://www.orleu-kyzylorda.kz сайтынан біле аласыздар.