Home » Жаңалықтар » Педагогикадағы инновациялар:мәселелелер мен тәжірибе

Педагогикадағы инновациялар:мәселелелер мен тәжірибе

Білім беру ұйымдарындағы инновациялық педагогикалық тәжірибелер, пікір алмасу және кәсіби қолдау мақсатында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Педагогикадағы инновациялар: мәселелер мен тәжірибе» тақырыбында  облыстық оқыту семинарын өткізді.

 Жалпы  білім беру ұйымдарының директорлары қатысқан шарада білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырудағы оқу үдерісі әрекетін ұйымдастыру жолдары сөз болды. Семинарға қатысушыларға мемлекеттік сатып алудағы қолданыстағы заңдар және  ақпараттық қоғамда кітапхананы даму бағытындағы іс-шаралар таныстырылды.

Шара институт басшысы Галимжанова Маржан Анесқызының алғысөзімен басталды.  Басшы өз сөзінде педагог қауымға қоғам қойып отырған талаптарға тоқтала келе  қазіргі таңдағы мекеме қызметін жүргізудегі өзгерістерге жан-жақты тоқталды.

2019 жылы атқарылатын жұмыстар мен педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыру курстары туралы институт директорының міндетін атқарушы Әлім Гулмира Әлімқызы таныстырса, мемлекеттік сатып алудағы қолданылатын заңдылықтар бағытында қаржы бөлімінің бас есепшісі Асылан Қаржауович Бертлеуов ақпараттармен бөлісті.

Бас қосуда кітапхана бөлімінің бастығы Маева Гулсара ақпараттық қоғамдағы  кітапхананың дамуына тоқталды.

Оқыту семинары аясында «Мектеп басшысының кәсіби бағдары» тақырыбында шеберлік-сынып ұйымдастырылды. Аталмыш шараға қатысқандар педагогикалық үрдістің инновациялық стратегиясында жаңашылдық үрдістерді тікелей алға апарушылар ретінде мұғалімдермен қатар мектеп директорының да рөлі зор екеніне көз жеткізді. Үлкен ұжымның алдына мақсат қойып, оны жоспарлы түрде іске асырып отыратын директордың да қосар сүбелі үлесі мол болғандықтан, олар мына тәжірибелерді жүзеге асыруы қажет: мектептегі барлық үдерістерге мониторинг жүргізу, мектеп қызметі тиімділігін арттыру үшін зерттеу жүргізуге ынталану, біліктілікті арттыруға жағдай жасау,  мұғалімдердің өзгерістерді талқылауына орта құру,  басқа мұғалімдердің сабақтарына қатысу және кері байланысты жүзеге асыру, жоспарлау, ұйымдастыру, оқыту үдерісін бағалау.

Осы бағытта сапалы нәтиже болу үшін мектеп директорларына ұйымдастырылған оқыту семинары 5 үлкен мәселелерді қарастырып, талқыланып, барлық шешімдерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Пікіралмасу мен қорытындыланған шара ұсыныстар қабылдаумен аяқталды.

 Ханалиева К.А.
Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс(гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедра меңгерушісінің  м.а.
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.