№ 29 орта мектебінде «Патриоттық тәрбие» айлығы өткізіліп, іс-шараның жоспары жасалды. Осы жоспарға сәйкес, іс-шараның мақсаты оқушылар арасында патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды. Қатысушылар мұражайға барып экскурсия жасады. Қалалық мәдениет үйінде «Жауынгерлік даңқ» атты көрме өткізілді. Көрмеде біздің мемлекетіміздің тарихымен, салт-дәстүрімен таныстырды. Экскурсиялар балаларға үлкен әсер қалдырды. Оқытушылар, ұйымдастырушылар және сынып жетекшілер, «Отанымыз — Қазақстан», «Біз — біздің еліміздің болашағы» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді. Сондай-ақ, соғыс ардагерлері мен интернационалистермен кездесу ұйымдастырылды, кездесу қызықты өтті. 9-11 сынып оқушыларының арасында әскери-қолданбалы спорт жарыстары өткізілді. Жеңіл атлетикадан жеңімпаздар анықталды, жеңімпаздарға кубок пен сертификат тапсырылды. Болашақта еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар жоспарланып отыр.
Алгалиева А.Н.,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Семей қаласы