Home » Айтарым бар » Оқушылар мен мұғалімдерді қуанышқа бөлеген онкүндік

Оқушылар мен мұғалімдерді қуанышқа бөлеген онкүндік

Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектепте 2018 жылдың 19 ақпан мен 2 наурыз аралығында бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігінің «Бастауышым – бал бұлағым» атты онкүндігі болып өтті.

Онкүндік – оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де мереке. Онкүндіктің жоспары әртүрлі іс-шараларға толы болды. Мұғалімдердің шеберлігін шыңдау, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсенді жетілдіру мақсатында әртүрлі формалар мен әдістер арқылы сайыстар, ашық сабақтар және сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді.

Қызыққы толы онкүндік барысында «Көркем жазу шебері», «Менің бос уақытым» жас фотосуретшілер және «Кішкентай суретшілер» көрмесі, «Өлең сөздің патшасы» сынды мәнерлеп оқу және «Мен әлемді танимын» атты ғылыми жоба сайысы өткізілді. Есесіне, біздің де оқушыларымызды әр қырынан тануға, болашақта бағыт-бағдар беруге үлкен септігін тигізерлік мол мағлұмат алдық деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектеп ұжымында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бастауыш сынып мұғалімдері арсында коуч — екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқыған әдістеме бірлестік жетекшісі С.Т.Тасирова «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингте мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, тілдік пәндер бойынша жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша оқып жатқан 1-2 сынып оқушыларында сөйлеу әрекетінің төрт түрі қалыптаса бастағанына ерекше назар аударды. Бұрын оқушылардың тіл дамуы, мәтінді оқығанымен мазмұндап айтуы төмен деп дабыл қақсақ, қазіргі оқушыларымыздың түрлі тақырыптарда сұхбаттасу барысында ресми және ауызша сөйлеуі, қажетті ақпарат алу үшін жеңіл және күрделі сұрақтар қоя алуы, өз пікірін айтуы, күтпеген түсінікке жауап беруі қуантады. Оқушылардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түсуі, бірін-бірі, өзін бағалай білуі осы бағдарламаның жемісі. Мұғалімдер коучинг барысында критериалды бағалаудың тиімділігін өз практикаларындағы мысалдамен бөлісіп, ойтолғаныста қайтты.

Коучингта көтерілген мәселелерді көзбен көріп, қолмен ұстау мақсатында 2 «А» сыныбында Қ.А.Букетова әдебиеттік оқудан «Қош келдің, Наурыз!», 2 «Б» сыныбында Ж.Н.Ускембаева қазақ тілінен «Сөз табы. Жалқы есім мен жалпы есім», 2 «В» сыныбында А.Ш.Кауранбекова математикадан «Санды 1-ге көбейту», 1«Б» сыныбында Б.А.Тойкулова жаратылыстанудан «Жер ғаламшарының көрнісі» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Сабақта мұғалімдер топқа бөлу жұмыстарын қалай  жүргізу, мұғалімнің берген тапсырмаларын топ мүшелері қаншалықты белсенділік танытуына ықпал етуге болады, тапсырмалардың оқушы білімін кеңейтуге ықпал ете ме деген сұрақтарға жауап берді. Сабаққа қатысып отырған мұғалімдерге әдістемелік көмек берумен қатар сабақта электронды тасымалдағыштардан түрлі дереккөздер қолдануға болатындығына көз жеткізді.  Bilim Media Group (Bilim Lаnd) компаниясының өнімдерін сабақта қолданудың қыр-сары мен тиімділігі де сөз болды.

Салтанатпен өткізілген онкүндіктің жабылу рәсімінде белсенді оқушылар мен түрлі сайыстардан орын алып, жеңімпаз атанғандар марапатталғанда оқушылардың көзінде от ойнап, ерекші қуаныш күйіде тұрғанын сезіну де бір ғанибет шығар-ау. Берері де, бергені де мол онкүндік осылай мәресіне жетті.

Исабаева Эльмира Нурильденовна,
№2 ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.