Home » Біле жүріңіз » Патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы ұлттық мультфильдердің орны

Патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы ұлттық мультфильдердің орны

Ұрпақ тәрбиесі әрқашанда ең маңызды, ең өзекті мәселе болып келген. Сол жас ұрпақтың тәрбиесіне алаңдау, жауапкершілікпен қарау ең бірінші сіз бен біз –ата-аналардың басты міндеті. Бала тәрбиесіне ата-ананың, білім  ордаларының, қоршаған ортаның, көгілдір экранның әсер етер ықпалы мол. Себебі ақпарат пен техниканың  соншалық дамғаны, ол кішкентай бүлдіршіндерімізді де өз қоршауына алып үлгірді. Тілі шығып, журе бастағанынан кішкентай зерттеушіміздің колында ұялы телефон, планшет, компьютер, теледидар және тағы басқалар молынан. Ал бұлар өз кезегінде бала тәрбиесіне түрліше әсер етуде. Суыққандыққа, тәкәппарлыққа, қатігездікке толы шет елден енгенмультфильмдер, түрі ойындар бала қиялында, жан дүниесінде, рухани дамуында сойқандай орын қалдырып келеді. Ұлтжанды, адами құндылықтарды бойына  жинаған, рухани бай тұлғаны тәрбиелеуде олардың бізге берері қанша?
Тұңғыш кызым 2-3жасқа келгенде әрине олда барлық балалар сияқты көгілдір экраннан түрлі мультфильмдерді сүйсіне қарайтын болды. Сосын әлде қайдағы құбыжықты айтып, қорқатынды шығарды. Байқап қарасам сол көретін шет елдік мультфильмдерде сондай қоқынышты кейіпкерлер көп екен. Сол сәттен бастап перзентіме бағдарламалар мен мультфильдерді таңдап көрсететін болдым және қызыма жақсылыққа жетектейтін, жақсы әсер қалдыратын және отандық мультфильмдердің әкелер пайдасы көп екенін түсінтіріп бардым. Мультфильдердің бала тәрбиесіндегі орны ерекше, ал ұлтық мультиктер бала санасын сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен яғни ұлтық құндылықтармен сусындатады. Бүгінгі таңда отандық-ұлттық анимациялық фильдер  керекті дәрежеде шығарылса мақсатқа сай болатын еді. Себебі баланың көргені, естігені санасын бойлап, жаулап алады. Осы жерде айта кетерім, жаңа жыл мерекесіне қыздарымызға қуыршақ силадық. Үлкенім қуыршағының атын Бибігүл, ал кішім қуыршағы ұл болғаны үшін Балтабай деп қойды. Өз басым қатты таңдандым, себебі біз кішкентайымызда қуыршақтарымызға Маша,Саша және сол сияқты есімдер беретінбіз. Қыздарымнан неге олай атағандарын сурағанымда, олар көрген мультфильмдеринен алған әсерлері арқасында солай қойғандарын айтты. Бұл қуанарлық жайдан ұлттық ертегілер мен мультфильмдердің өздерінің негізгі міндетін атқарып жатқаны – туған тіл, мәдениет және тарихымызды бала бойында дамытып, дарытып келе жатқаны айқындала түседі.
Бүгінгі жахандану үрдісі қарқынды жүріп жатқанда ең алдымен ата-ананың міндеті баланы ұлттық құндылықтыр арқылы тәрбиелеу, мәдени және рухани байлығын нығайту.
Ендеше, ертеңгі болашағымыз – балаларымызға ұлтық тәрбие беру бұл  ұлттық сана – сезім мен сенім қалыптастыру. Ол үшін балаларымызға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғам , ата-ана болып, жан-жақты ойлана отырып берсек, ұрпағымыздың да, Отанымыздың да көркейетіні даусыз.

 

 

Г. У.Ауэлбекова,
«102 ЖББМ» КММ директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.