Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» — демекші, өмірден өзіндік орнын таба білген Баянауыл ауданының судьясы Даньярова Сауле Хайрбековна Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 8-10 сынып оқушыларымен сыр-сұхбаттың «Парасатты азамат» айдарына келіп қатысты. Өмірден көпті көрген білімді де білікті, тәжірибелі тұлғамен кездесу өтті. Кездесу барысында барынша оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, риясыз әңгімесімен бөлісіп, тапсырмаларды орындады. Алтын уақытын қыйып оқушыларымен сұхбаттасып, ақыл-кеңестерін айтып, үлгі –өнеге бола білді. Құрметті Сауле Хайрбековна! Өмірден көрген қызығыңыздан, көрер қызығыңыз көп болсын, әліде қоғамға ерең еңбектеріңізбен биіктерден көріне беруіңізге шын жүректен тілектеспіз.
Саликова Елмира Мергенбайқызы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының
директордың тәрбие жөніндегі орынбасары