Home » Баяндамалар » ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

Ұлт болашағы бүгінгі студенттеріміздің  білімі мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Сондықтан студенттеріміздің саналы да, тәрбиелі, саяси-экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделік деңгейі жоғары болуы үшін, әр оқытушы  аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі тиімділігі мен сапасын арттыру, оқу үрдісінің  ғылыми теорияға негізделген таңдамалы белсенді әдістеріне көшуді талап етуде.
Оқыту мен тәрбие берудің заманауи әдістерін жүзеге асыру үшін алдымен оқытушылардың  кәсіби біліктіліктерін көтеруге жеке назар аударуда.
Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытта, оқытушылар өздерінің біліктілік құзыреттілігін дамытып отыруы қажет. Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана — білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады.
Студенттердің  сапалы білім алуы үшін, оқытушы  оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай бейімделіп, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіріп оқытудың әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Қоғамымыз өте тез, қарқындай дамып отырған заманда әрине оқытушылар қауымына түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Білім беру үрдісіне оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы ең басты міндеттердің бірі. Қазіргі таңда сабақты түрлендіріп, студенттерге қолжетімді етіп жеткізу үшін түрлі заманауи технологияларды қолдану керек. Менің ойымша осы әдістерді біріңғай талап қою арқылы оқу бағдарламасына енгізсе нұр үстіне нұр болар еді. Оқытушыларға ұсынылған әдістердің ішінен оқытушы өзіне керекті нұсқаны қолдануға, кез келген үлгімен, тіпті авторлық өзгертілген үлгімен қарауға мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан оқытушы білімді, икемді, шебер, ерекше шәкіртжанды, мейірімді  болуы шарт. Өйткені, бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне яғни бәсекеге қабілетті болашақ маман иелерін тәрбиелеуі міндеті жүктелген.
Біздің Солтүстік Қазақстан медицина колледжі ұстаздары мынадай жаңа инновациялық технологияларды өз сабақтарында қолдануда. Атап айтсақ, біздің колледжде көбіне арнайы пәндер жүргізіледі. Практикалық сабақтарда фантомдармен, симуляциялық орталықта көрнекі құралдармен көзбе-көз жұмыс істейді де, одан кейін  практикалық сабақтары емханаларда жалғастырылады. Бұл студенттердің теориялық білімдерін практикада шыңдауына жағдай жасайды. Бізде студенттердің сандық сауаттылықтарын ашу үшін  жаңа технологиялар, компьютер, интернет т. б. жұмыс жасауға негізделген. Әрине студенттердің сандық сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің де сауаттылығы маңызды. Студенттерге ақпараттық — коммуникациялық технологияны жиірек қолданып сабақ өткізу қызығушылықтарын арттыру және интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Бізде оқытушылар шығармашылық жұмыстарды үйірме түрінде өткізеді. Бұл оқыту әр ұстаз өз пәндері бойынша дарынды студенттердің қабілетін одан ары кеңейту, дамыту барысында өте үлкен жұмыс атқарады. Нәтижесі шәкірттерінің түрлі олимпиадаға қатысуы, жүлделі орындардың алуы олардың жемісі болмақ.
Біздің колледж оқушылары қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға үзбей қатысып отырады. Шынын айту керек айына 10-нан астам студенттеріміз сайыс-байқаулардан жеңісті оралады. Ол да ұстаздың мәртебесі, жемісі. «Оқытуды басқару және көшбасшы» әдістерін кеңінен қолданамыз. Студенттер бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою студенттер арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтады. Бағалауда студенттер өз — өздерін, бір-бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Сабақта студенттердің білімдерін бірлесе бағалау өте тиімді пайдалы. Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты студенттер  көңілдерін білдіріп отырады. Осыдан оқытушы  өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады. Ең бастысы студент өз ойын еркін айта, дәлелдей, түйіндей білуге үйренеді. Осындай оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпалын жасайды. Мұндай әдіс-тәсілдер сабақтың басынан соңына дейін студенттердің барлығы іс — әрекет жасап, студенттің  әрдайым ізденісте болуына,   сабақты жоспарлау кезінде студенттің өз бетімен білім алуына, әрі талап тың да жауапкершіліктің де күшеюіне, оқу кезінде студенттің ізденуі, талдау, қорытындылау, қабілеттерінің артуына әсер етеді. Сөзімізді түйіндей келе айтарым, әр оқытушы  сабақ өткізу барысында оқыту формасын, әдістерін таңдауда көп нұсқалық қағидалар бекітілген, бұл білім мекемелерінің ұстаздарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Тәрбие мен оқу егіз ұғым. Тағы бір көкейтесті мәселенің бірі тәрбие мен оқыту барысында студенттерімізге ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ санасына сіңірту – кезек күттірмейтін өте маңызды іс. Қазақ елі – салтқа, дәстүрге, ырым мен тыйым, әдет-ғұрыптарға өте бай халық. Студенттеріміз ақылмен ойлап, өзінің ұлттық негізгі салтына сәйкес салмақтап, дұрысын бойына дарытып, байсалды, байыпты болғаны жөн. Өз ұлтының тәрбиесін сүйіп өскен ұл мен қыз ешқашан басқа ұлттың тәрбиесіне жаман қарамары сөзсіз. Біздің  колледж ұстаздары да осы тұрғыдан көп іс атқаруда.
Өйткені, жас ұрпақ – біздің келешегіміз және де халық педагогика элементтерін күнделікті сабақ барысында, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану: біріншіден, басқа ұлт өкілдерінің халқымыздың салт-дәстүрлеріне деген қызығушылығын, түсінушілігін тудырса; екіншіден, олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға жағдай жасайды, патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Қорыта келе,  қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты, байсалды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу заман талабы екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан — 2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 14.12.2012 ж.
  2. «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты Елбасымыздың дәрісі
  3. Сайт: http://pm.kz/news/show/22/v-kazahstane-otkrylis-kursy-povyshenija-kvalifikatsii-pedagogov/04-04-2012. lang=kz

Амрина Әсемгүл Қозыбайқызы
Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің
математика пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.