Home » Баяндамалар » Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану жолдары

Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану жолдары

Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, қазақ тілі сабағында қолданатын технологиялар жайында айтпақпын. «Заманына қарай адамы» — деп айтып жатамыз, қоғам талабына сай жаңа тұлға қалыптастыру біздің, яғни ұстаздардың қолында екенін естен шығарған емеспіз.

Еліміздің ертеңін саналы әрі білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу үшін қоғам алдымен өзіміз жаңашыл болуымызды талап етеді. Әр мұғалім – өз сабағының қожайыны, 40 минутты қалай пайдаланса да, сабақта тақырыпты меңгертіп шығуды басты мақсаты етіп алады. Қарыштап күннен күнге дамып келе жатқан Қазақстанымыздың болашағын тәрбиелеуде әр мұғалім еңбек жолында бар күшін салады. Инновация дегеннің өзі күннен күнге ілесіп келе жатқан жаңалық немесе жаңғыру деп айтсақ болады. Бүгінгі күнде инновациялық технологиялар балаларға барынша жаңашылдық пен ұғынудың неғұрлым тиімді жолдарын қарастырады. Мен өзімнің авторлық жұмысымда инновациялық технологияны пайдаланудың жолдарын қысқаша атап өтсем деймін. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі — «интерактивті оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы педагогикалық қарым-қатынас пен дамыту диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті оқыту әдістері, бұл — ұжымдық, өзіндік толықтыратын барлық қатысушылардың өзара әрекеттеріне негізделген, оқу үдерісіне білім алушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Интерактивті оқытуда, ең алдымен, білім алушы мен оқытушы арасында қарым-қатынас тікелей жүзеге асады. Интерактивті оқыту дегеніміз танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы болып табылады. Интерактивті оқыту әдісін ұйымдастырудың негізгі талаптары:

Бірінші талап: Барлық оқушылар қатыстырылуы керек, мақсатты ашу үшін пікірталас әрекетіне барлық оқушылар қатысушыларды тарататын технологияны таңдау қажет.

Екінші талап: Оқушыларды психологиялық дайындау қажет. Мұндай жұмыстарға барлық оқушылар дайын болмауы мүмкін. Сондықтан балаларды үнемі мақтап отыру қажет.

Үшінші талап: Интерактивті оқытуда қатысушылар саны көп болмауы керек.

Төртінші талап: Жұмыс жасауға арналған жердің дайындығы. Оқушылардың жұмыс істеуіне қажетті заттар алдын ала дайындалуы тиіс.

Бесінші ереже: Жұмыс уақытын нақты белгілеу. Уақыттың жетпей, кейбір оқушылардың қатыспай қалуынан сақ болыңыз. Әркімнің сөз сөйлеуге құқылы екенін есте сақтау керек.

Алтыншы талап: Топтарға бөлу кезінде түсіністікпен қарау керек. Бас кезінде өз еріктерімен, қалауынша бөлінуін қамтамасыз ету. Содан кейін кездейсоқ таңдауды пайдалануға болады. Презентациялар сабақта өтілетін белгілі бір жағдаятты өзінше жеткізіп беруіне жағдай жасайды. Бұл әдіс компьютермен жұмысты талап етеді.

Миға шабуыл әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап береді. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Бұл әдіс кері байланыс алу үшін тиімді.

Сын тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау немесе белгілі бір мәселені шешу үдерісі барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұрын ұйымдастырылған және қалай істеуге болатынын анықтау үшін жағдайлардың барлығында орын алады.

Викторина ауызша және жазбаша түрде әр түрлі кезеңде қолданылатын, жауап алу күтілетін ойын түрі. Оқу үдерісінде қолданылатын бірнеше түрі бар.

Мини зерттеулер арқылы оқу үрдісін жүргізу – қазіргі заман талабына сай оқыту әдісінің бір түрі. Зерттеу жұмысы жекелей де, топпен де жүргізіледі. Топта зерттеу жұмысын жүргізгенде оқушылардың барлығы толығымен қатысады. Өзіне деген сенімділіктері артып, белгілі бір зерттеу барысын өзінше қалыптастырады.

Ойын технологиясы мазмұны бойынша барлық ойындар – оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы. Негізгі тақырыптар бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді көздейді.

Инсерт әдісі, бұл – түсінудің жеке меншік үрдісінің мониторинг әдісі. Әр тыңдаушының өзіне мәселе жөнінде не білемін, менде қандай күдік туды, осы материалдан жаңа не білдім және жұмыс барысында қандай сұрақтар пайда болды, қандай сұрақтар ашылмай қалды деп баға беру маңызды.

Интерактивті оқыту әдістерінің бірнеше түрі баршылық, оларды оқу үрдісінде қолдану оң нәтиже берері сөзсіз.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.

Инновациялық әрекеттегі педагогикалық тәжірибе «Шектік ойлау» бағытына қарай оң нәтиже берері сөзсіз. «Хат пен мәтінді оқу арқылы шектік ойлау технологиясы» Америкада пайда болған. Бұл технология баланың ой-өрісінің дамуына әсерін тигізеді.

«Шешім ағашы» әдісі. Бұл қиын да, бір тарапты жағдайларда шешім қабылдауға жәрдем береді. Сабақ барысында мұғалім мәселені – тапсырманы дайындап, топқа кесте береді.

Мәселе

         + ( артықшылығы )—          (жетіспеушілігі)

«Бос орындық» әдісі. Қазіргі заманда жиі қолданатын әдістің бірі.

Деңгейлік оқытудың деңгейлік тапсырмалар арқылы жетістікке жетудің тиімді жолы.

Деңгейлік дифференциялау технологиясы – оқу үрдісінің тиімді ұйымдастырылу және басқару негізіндегі педагогикалық технологияның маңыздысы.

Саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтау, яғни саралап оқыту қазіргі мектептердің бағытына айналып отыр.

Дамыта оқыту технологиясы. Күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Дамыта оқыту білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте, мектептен тыс іске асырылатын өзіндік жетілуіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.

Ойын технологиясы. Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы, алған білімді тереңдетуді әрі пысықтауды көздейді. Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға үйретіп, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» — деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті білім беру технологиясын оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор.

Корпебаева Шынар Каликаримовна

№29 жалпы орта білім беретін мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Семей қаласы

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.