Home » Баяндамалар » Оқу-танымдылық қызметтегі төмен мотивация бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру

Оқу-танымдылық қызметтегі төмен мотивация бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру

Баланың оқу танымдылығы күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді.

Оқу жұмысының мақсат–міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға, қысқаша айтқанда өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.

Баланың оқу танымдылығына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған амал-тәсілдер, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.

Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Танымдылық әрекетінің негізінде оқушыларды танымдық белсенділік дегеніміз — оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Төмен мотивация бар оқушылардың оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс.

Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай жоба арқылы құрылады.

— Мұғалім мақсатты құрастырады, бірақ бағалардың өлшеуішін түсіндірмейді.

— Мұғалім алдына қойған мәселерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады.

— Қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды.

— Жаңа тапсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды.

— Мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап оқушылардың білім деңгейін тексереді.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқу–тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер).

Адамзаттың бүкіл өмір бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең.

Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиындап бара жатыр, ол үшін оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек. Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тыңдаушы ғана болмай, керісінше ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс.

Мынадай жұмыс механизмін қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді себепкерлеп жақсы баға алу үшін не өз бетінше, не өзінің сыныптасымен, не топта (3-4 адамнан) жұмыс істеу керек.

Өз бетінше жұмыс істеу барысында жаңа материалды негізгі еске сақтаудан өзге тағы да басқа еске сақтаудың түрлері қосылады — көзбен көру, есту, қайталау.

— Мақсатты қоя алу (мақсатты түсіндіру)

— Мақсатты жүзегі асыра білу (орындалатын бөлігі)

— Нәтижені бағалай алу (бақылау, баға) осы үш элементтің жүзегі асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихымен қалыптасуына, сонымен қатар әр оқу пәні –жалпы білім жүйесінің тек бір ғана бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ. Түсініктерді қолдану үшін адам, алдымен, білімнің негізін үйренуі керек. Егер түсінігі жоқ болса, адам әлімнің барлық түрлілігін тану керек, нәтижесінде ол еш нәрсені білмейді. Өйткені, түсініктер материалдық заттардың, кұбылыстардың жалпы қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде қарастырады.

Түсініктердің маңызын жаттап алып, көптеген жаттығуларды орындағаннан емес, оларды түсіну арқылы ғана болады.

Мотивацияның өсуі мен белсенділену барысында логикалық ойлауы дами бастайды, сөздік қоры ұлғаяды, ғылыми-публицистикалық әдебиетке деген қызығуы пайда болады.

Төмен мотивация бар оқушылармен әр түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Бір жаттығуды үйге тек көшіріп, өтілген сабаққа орай сөздерді сұраумен ғана шектелмейді, әр түрлі тәсілмен орындаудан басталса бала қызығушылығы оянады. Көбінесе үй тапсырма оқушылардың білім деңгейіне қарай беріледі. Мысалы: «Дүкенде» тақырыбына бір топ оқушылар өткен және жаңа лексиканы пайдалана отырып әңгіме құрастырып жазады, мәтінге ат қояды, екінші топ сурет арқылы әңгіме құрайды, ал үшінші топ (мотивация төмен оқушылар) сурет бойынша кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді анықтайды. Бұл баланың өз деңгейіне сай жаттығуды орындауын жеңілдетсе, екіншілерден басқа деңгейдегі оқушылардың орындаған тапсырмаларына қызығып, кейде оларды қоса орындап келуіне жетелейді.

Мақал – мәтел өткен кезінде ағылшын – неміс тілдеріне аударып келулерін сұраймын.

Жаттығуларды орындауға, өткен сабақты қайталауда «Бес жолды өлең» әдісімен тапсырманы орындатамын.

  1. Зат есім                                      4. Бір мағыналы сөйлем
  2. Сын есім                                     5. Синоним
  3. Етістік

Осы тапсырманы өзгертіп былай да орындауға болады:

Мысалы: т, р, ш, і, к, л

1) дыбыстар                           1) т, р, ш, і, к, л

2) дауысты

дауыссыздар                       2) тірлік, тіршілік

 

3) сөздер құра                3) і, т, р ,ш ,к ,л

( Ілгіш, табыс, шам ,қала)

4) буынға бөл               4) тір -лік ,тір -ші –лік

5) тасымалда                 5) тір -лік ,тір-ші -лік

Тағы бір әдістің түрі – «Өзара бөліп жазу». Қазақ тіліндегі суретпен берілген жаттығуларға қарай отырып, әр оқушы 5 минутта суретке не бейнеленгенін өз ойымен жазады да, қасындағы оқушыға береді. Ол оқушы екеуі алмастырып алған соң, бір – бірінің ойын толықтырып, басқа оқушыларға оқып береді.

Қазақ тілі сабағында төмен мотивация бар оқушылармен дидактикалық оқу ойындарының да алатын орны ерекше. Мұндай ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан – саналы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы мен педагогтық шеберлігі қажет.

Г.Х. Куржибаева,

№10 жалпы түрдегі мектеп-интернатының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі,

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.