Home » Жаңалықтар » Оқушылар Сарайының тәрбиеленушілері Атырау қаласында жеңімпаз атанды

Оқушылар Сарайының тәрбиеленушілері Атырау қаласында жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2017 жылдың 14-15 сәуір аралығында Атырау облысында мектеп оқушылары арасында «Менің бастауым – менің Отаным үшін» республикалық әлеуметтік шығармашылық жобалар байқауы өткізілген болатын. Аталмыш шығармашылық жобалар байқауына М.М. Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының бір топ дарынды да, талантты  тәрбиеленушілері қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Оқушылар сарайы «Луч» шығармашылық бірлесігінің және «ИГРик» баспасөз орталығының тілшілері Айдана Рахметова, Андрей Гритчин, Дарья Масаева, «Медиажобалар» атты жоба тақырыбымен аталмыш байқауға қатысып I орынға қол жеткізді. Жас тілшілер Оқушылар сарайының медиаорталығы туралы, «Сенің әлемің» облыстық жасөспірімдер газеті туралы, «Жас тілші» балалар радиобағдарламасы жайлы, Оқушылар сарайындағы «Луч» бірлестігі дайындайтын «Дубль-2» телебағдарламасы  туралы айтып Атырау жұртшылығын тамсандырды. Ал балалар баспаөз орталығының тілшісі Мария Шорина балалар журналистикасының қыр-сырымен бөлісіп  III орынды қанжығасына байлады.

«Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының Ұланбасшысы София Ахметжанова «Тарихқа көз жүгіртсек….» атты жобасымен және «Шектеусіз мүмкіндіктер» атты жоба тақырыбымен Аружан Айткенова сөз қозғап Республикалық байқауда IIІ орынға қол жеткізді. Байқаудың ұйымдастырушылары «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары Сабина Байгожинаны «Мәдениет қиылысында» атты жобасы үшін алғыс хатпен марапаттады. Облыстық «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы Милена Блинникова және омбудсмен оқушы Ажар Абельдиновалар сертификаттарға ие болды.

Өз шығармашылық жобаларын Атырау елінің алдыңда қорғап, жүлделі орындарға ие болған біздің мақтаныштарымыз  Ш.Сариев  атындағы өнер мұражайына, Н.Тілендиев атындағы өнер академиясына, Махамбет атындағы қазақ драма театрына барып қайтты.

Болашаққа нық қадам жасаған, барлық тәрбиелеушілерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.