Home » Жаңалықтар » ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ РЕСПУБИКАЛЫҚ КУРСТАР

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ РЕСПУБИКАЛЫҚ КУРСТАР

Павлодар қаласында 2017 жылдың 20-24 ақпан аралығында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында біліктілікті көтеру курстары өтті. Тақырыбы — «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушы тұлғасының әлеуметтенуі». Курс тақырыбының өзектілігі қосымша білім беру барысындағы жаңаша көзқарас және өскелең ұрпаққа тәрбие беру.

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының курсына Қазақстанның бес облысынан келген педагогтары тыңдаушылар болды: Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс және Павлодар облыстарынан еді. Қатысушылар – қосымша білім беру бағдарламасын іске асыратын педагогика қызметкерлері, колледж оқытушылары, орта білім беру мұғалімдері мен әдіскерлері.

Оқыту сабақтары аясында балалар мен жасөспірімдердің психофизиологиялық ерекшеліктерінің дамуына бағытталған тренингтер мен шебер-сыныптар өтті. Курсанттарға павлодарлық  жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы және жоғары мамандандырылған кадрлары мен Павлодар облыстық Оқушылар сарайының тәжірибелі педагогтары сабақ жүргізді. Курс тыңдаушыларына Оқушылар сарайында экскурсия ұйымдастырылды.

Курстың соныңда барлық тыңдаушылар сертификаттарға ие болды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.