Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру және әрбір адамға өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек делінген. Қазіргі қоғам өзінің іс–әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғаларды оқытудың жаңа технологиялары нәтижесінде қалыптасатынын соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отыр. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық, түсіністік, сыйластыққа негізделуі оқушының ізденушілігін дамыту — қазіргі оқыту жүйесінің бағыт алатын өзекті мәселелері. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді десек, бұл педагогикалық ұстанымдар — білім беруді жаңартудың негізгі өзегі. Қазіргі даму кезеңдегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жаңа технологияларды іс-жүзіне енгізу өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл-ой қабілеті бар адамды қажет етеді. Мемлекеттің дамуына – ақыл-ой және шығармашылық әлеуметтің рөлі орасан зор. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер, критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеліп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдер қолдана білу сияқты дағдырамен қоса, мұғалімдер теориялық базаны және тиісті әдіс-тәсілдері мен жаңа технологияларын дамыту керек. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Келешекте мұғалімдер өздерінің сабақтарын жоспарлау кезінде STEM технологиясын қолдану үшін дарынды оқушыларды  сүйемелдеу және қолдау көрсету арқылы тармақталған жүйесін іздестіруге негізделуі керек. Мектепте білім алатын оқушылардың  аса дарындылығын анықтау үшін  шығармашылық ортаны нығайтуға ықпал ету көрсетілген. Өскелең ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың ой-өрістерін дамыту барысында адамгершілік-рухани құндылықтарға, әлеуметтік ортада өзінің шынайы әрекеттерге, сенімділікке, ой-қиялын дамытуға және басқаларға көмек көрсетуге дағдылардыру. Сонда ғана біз оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуінен үлкен септік тигіземіз. Ал мұғалімдер сабақтарын жоспарлау кезінде  KLIL және STEM-оқытуды қолдану және пәнаралық интеграция қарастыру қажет (биология, химия, математика, технология).   Мысалы: зерттеу жұмысын жасау барысында оқушылар келесідей пәндік білімдерін қолдануға болады: химия пәні бойынша органикалық заттардың тасылмалдану,  ал биологияда: өсімдіктердің транспорттық жүйесі көрсетуге; математика пәні бойынша кубтың көлемін өлшеу; технология пәні бойынша: қағаздан куб жасау дағдыларын көрсете алады. Барлық пәндердің мазмұнын кіріктірілен сабақ жоспарын қарастыруға болады.
Біздің әрекетіміз – баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, қабілетімен еркін атқара алатын ісі, соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу. Бұл өзгерісті тәжірибе алмасу үшін және одан әрі дамыту үшін үнемі мұғалімдермен кеңес жүргізе отырып, сабақтан тыс уақытта тренинг өткізіп отыруға болады. Осы әдіс–тәсілдерді үнемі қолдансақ жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенімдімін. Ал бұл талапты орындау үшін мұғалім көп ізденіп, заман талаптарына сай білімге ие болып, әлем жаңалықтарымен де таныс болуы керек. Қорыта айтқанда, шәкірттерге білімді саналы меңгертіп, оны өз деңгейінде  азаматтық өмірлік қажеттілігіне айналдыру – ұстаздың сәулелі мұраты. Өзгені өсіру үшін өзіміз де ізденіп, рухани биіктей түсу қажеттілігі мұғалімнің міндетіне айналады.

 

Ж.Х.Каирбаева
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды
облысы бойынша ПҚБА институтының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.