Қазіргі заман талабына сай үздіксіз білім берудің сапасын жақсарту, заманауи білім беру сатысына көтерілу үшін әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Себебі, қазіргі білім беру орындары көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Техника заманына жетпей оқу үрдісінде мұғалім жетекші болса, қазіргі уақытта оқушының рөлі, белсенділігі маңыздырақ. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен жүзеге асуы тиіс. Осы мақсатта оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруда пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда жүзеге асыратын технологиялар жетерлік. Оны меңгеру, таңдау, жүзеге асыру оқушыларды машықтандыру, бағыттау мұғалімнің құызырында. Яғни түрлі технологияларды қолдануы және таңдай білумен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің шарты ұстаздарымыздың біліктілігімен байланысты десек те болар еді.
«Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында. Осы мақсатта әр түрлі деңгейлік курстары еліміздің үлкен қалаларында ұйымдастырылуда. Мәселен, Қостанай қаласында үнемі біліктілікті арттыру курстары мұғалімдерге үздіксіз қызмет етеді.
Мұғалім мамандығы әдістемелік шыңдалуды қажет ететіндіктен өз біліміңді арттыруда деңгейлік курстан өтудің маңыздылығы зор екені айқын. Осы бағытта «Сыни технологиясы элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту» тақырыбында деңгейлік курстан өтіп өз біліктілігімді арттырдым. Курстан өту барысында тәжірибелі ұстаздармен біріге отырып, жаңа бағыттағы бағдарлама идеяларын талқылап, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлістім. Сыни тұрғысынан ойлау — өзіндік ойлаудың тиімді әдісі екеніне көз жеткіздім. Сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталып, өз шешімін табуда оқушының үздіксіз іс-әрекеті әдіс-тәсілдермен жұмыс барысында айқындалып отырады. Бұл технология оқушының көзқарасының сыни ойлау білуін қалыптастыруда маңызды және өздігінен білім алуға дағдыландырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының 90-нан астам элементтері қолданыс үстінде. Түрлендіріп қолданудың нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады.
Осындай жаңаша оқыту түрлерін үздіксіз пайдалануда білімнің сапасы артып, өз жемісін берері сөзсіз.
Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КМ
бастауыш сынып мұғалімі
Жүнісова Құндызай Сүйіндікқызы