«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы жақында оқушыларды отбасылық өмірге дайындау және тәрбиенің гендерлік аспектілері бойынша педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау мақсатында «Оқушыларды отбасылық өмірге дайындау және тәрбиенің гендерлік аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Бұл шараға кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы, облыстық қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері, колледж және аудандық/қалалық, облыстық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтары, мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді өткізуде оқушыларды отбасылық өмірге дайындау және тәрбиенің гендерлік аспектілері бойынша педагогтардың кәсіби шеберлігін дамытуда жаңа көзқарасты қалыптастыру, жаңартылған білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастыру, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау, оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру және отбасылық өмірге дайындау мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру міндеттері қойылды.
Дөңгелек үстел барысында отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау қажеттігі айтылды. Ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ететін және азаматтық қоғамның тұрақтылығы мен орнықты дамуына игі ықпал ететін отбасы беделін көтеруді мектеп пен отбасының бірігіп, ынтымақтаса шешу жолдары туралы талқыланды.
Қатысушылар қазіргі таңда тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің өзектілігі, жаңа көзқарастар, педагогтың кәсіби шеберлігін дамытудағы жаңа көзқарастар, оқушыларды отбасылық өмірге дайындауда мектеп пен отбасының рөлі, гендерлік тәрбие беруде ата-ана мен мұғалімнің рөлі, мектеп пен отбасындағы «ұл бала» мен «қыз баланың» тәрбиесіндегі өзекті мәселелер, оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастырудағы психологиялық мәселелер, рухани тәрбие, толеранттылық негіздері және этносаралық қарым-қатынас мәдениеті проблемалары, оқушыларды этникалық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу, этномәдени және этнопедагогика құндылықтары негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, мектеп және отбасының ынтымақтастығы және өзара әрекеттестігі, білім беру ұйымдарында адамның қорғаныш тапшылығы індетінің, шылымқорлықтың, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алуда оқушылардың бойында орнықты мінез-құлық қалыптастыру т.б. сияқты мәселелер аясында құнды пікірлер айтып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтар жалпы тәрбие мәселесіне қатысты өздерін ойландырып жүрген көкейтесті сұрақтарына жауап алды.
Рысқаным Бахтиярова,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ»
тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру
кафедрасының меңгерушісі