Home » Тұлға » Білгір биолог

Білгір биолог

Білім мен техника қарыштап дамыған заманда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жастардың білім көгінде кеңінен қанат жаюына мол мүмкіндік, тың серпіліс берді.

Оның дәлелі — Сырдың білімге құштар жастарының басын қосқан Қызылорда облыстық оқу орталығы және «Болашақ» Университетінің колледжі мекемесі бірлескен түрде «Білікті маман – тәуелсіз елдің болашағы» атты оқу-әдістемелік апталығы аясында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының биология пәнінен І курс студенттері арасында ұйымдастырған «Білгір биолог» деп аталатын облыстық білім сайысы.

Білім сайысының мақсаты – студент жастардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, ғылыми-техникалық жаңалықтардың танылуы мен дамуына жағдай жасау.

Аталған олимпиадаға қаладағы 85 жылдық тарихы бар И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алушы студент Ауелбек Данияр қатысып, жоғарғы дәрежелі дипломмен   м а р а п а т т а л д ы.

Оқу орнымызда осындай дарынды, талантты студенттердің білім алуы ұстаздар қауымы үшін зор мәртебе, зор мақтаныш.

Жұлдызың жансын, Данияр! Білім көгінде қанатыңды кеңге жай!

                                                                           Смайлова Сауле Алихановна

                                                                         И. Әбдікәрімова атындағы Қызылорда

                                                                         аграрлық техникалық жоғары колледжінің

                                                                         І-санатты химия-биология пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.