Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) » Оқушылардың шығармашылық және интеллектуалды дамуын қалыптастыруда оқу сауаттылығы дағдыларын жетілдіру

Оқушылардың шығармашылық және интеллектуалды дамуын қалыптастыруда оқу сауаттылығы дағдыларын жетілдіру

Қазіргі таңда заманауи мектеп кітапханасы тек ақпараттық орталық ғана емес, сондай-ақ оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық дамуына ықпал ететін орталық ретінде жұмыс жасайды. Педагог-кітапханашы мұғалім, ата-ана, оқушы, мектеп қауымдастығы, қоғамдық және т.б. ұйымдармен бірлесе тығыз жұмыс жасай отырып, білім беру процесінің барлық мүшелерінің ақпараттық, функционалдық, зерттеу дағдыларын жетілдіріп,  оқу мәдениеті мен сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуда.

Осыған орай, кітапхана жұмысын жетілдіру және дамыту мақсатында 2017 жылдың 15-17 ақпан аралығында 30 педагог-кітапханашыға   «Оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуын қалыптастыруда оқу сауаттылығы дағдыларын жетілдіру» тақырыбында біліктілік жетілдіру курсы болып өтті.

Курсты өткізуге Оңтүстік Кореядан кітапхана ісі бойынша жетекші   тәжірибелі сарапшылар:

— Чон Бо Ра — Шинмок орта мектебінің педагог-кітапханашы;

— Ли Док Чу —  Сонгок қыздар гимназиясының педагог-кітапханашысы шақыртылды.

Педагог-кітапханашылар курс барысында мектеп кітапханасы саласындағы жаңа әдістермен танысып, күнделікті өз жұмыстарына енгізуге бағытталған материалдарды меңгерді.

1. Сабақта пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыс

Сабақта педагог-кітапханашы мен пән мұғалімінің бірлескен жұмысында кітапхана мәртебесі материалды сақтаудан оқу процесіне қажетті ақпарат таба білу және оқушының ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады.

Оқу процесі тұрғысынан алғанда қажетті ақпаратты жүйелеп, тиімді пайдалану және оқыту дағдыларын меңгерумен қатар мәселелерді шешу. Пән мұғалімдері мен педагог-кітапханашылардың өзара бірлескен жұмысында  кітапханашының сабақ барысында кеңесші-консультант ретінде оқушыларды оқытуға ынталандыруға ықпал етеді.

2. «BOOK FESTIVAL» (кітап фестивалін) жоспарлау және өткізу.

«Кітапхана» бұрын көпшіліктің түсінігінде тек кітапты алатын, оқитын және өткізетін мекеме секілді болды. Алайда, бүгінгі таңда бұл түсініктің мағынасы мүлдем өзгеше екендігін түсініп және адамзат баласы кітапты оқи отырып, оның ішіндегі кейіпкерлердің жан-дүниесін өзінің бойынан өткізуі, түрлі мәдени шараларға қатысып, рухани мәдениетін жоғарылатады. Осыны сезіну үшін, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда педагог-кітапханашылар кітап фестивалін ұйымдастырады.

3. Мультимедиялық материалды пайдалану әдістері

Курс барысында қатысушыларға Зияткерлік мектептердегі өлең жинақтары пайдалана отырып, жаңа оқыту әдістері меңгерілді. Практикалық  түрде жаңа әдістерді пайдалануда педагог-кітапханашылар өз құзіреттіліктерін арттырып, мерзімді басылымдарды пайдалану арқылы оқушының журналдағы материалдардың мазмұнын тиімді пайдалану  дағдыларын үйренді.

Сонымен бірге курс қатысушыларына кітапхана қызметінің тиімді стратегиясы ұсынылып, алдағы уақытта жұмыс барысында қалай енгізетіндігі жөнінде мәселелер көтерілді.

Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.