Home » Жаңалықтар » БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУ ЖЕҢІСІ

БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУ ЖЕҢІСІ

Қарағанды қаласындағы №101 лицейдің АӘД және денешынықтыру пәнінің мұғалімі, Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысы Ревякин Анатолий Николаевич «Менің үздік сабағым» атты Бүкілресейлік педагогтардың кәсіби шеберлігі байқауында 1 орынды иеленді.

Іс-шара М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, Ресей Федерациясының  білім беру қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру және қайта даярлау Академиясы, «Ресей білім жаршысы» редакция журналы, Ресей Федерациясы білім және ғылым Министрлігі, білім беру бойынша Мемлекеттік Дума Комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Іріктеу турынан кейін жарыс финалына ТМД әр түрлі елдердің 122 педагогы шақырылды. Жарыста көрсетілген сабақтардың бағасын қазылар алқасының мүшелері, сондай-ақ қатысушы-педагогтардың өздері берді.   Сонымен қатар, байқау бағдарламасына білім беру аумағындағы ресейлік алдыңғы қатарлы ғалымдардың: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Богуславский М. В., РАҚ академигі Ямбурга Е. А. және т. б. дәрістері енгізілген.

Анатолий Николаевич сабақтан басқа да мектептің жетекші үйлестірушінің бірі ретінде «№101 мектеп-лицейдің тәжірибесіне Lesson Study тәсілін ендіру тәжірибесі арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру» тақырыбындағы өз тәжірибесін көрсетті. Бұл жұмыс курстан кейін үш жыл аралығында өз тәжірибесіне бақылаудың нәтижесі болып табылады. Қарағандылық мұғалім зерттеу жүргізуде өзінің курс барысында Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісімен алғаш рет таныстырған тренері Сурначёва Ольга Георгиевнамен тығыз байланыста болып жұмыс жасаған.

Ревякин Анатолий Николаевичтің Бүкілресейлік педагогтардың кәсіби шеберлігі байқауындағы жеңісі үшін бірінші орын мақтау қағазы мен «Білім берудегі қызметі үшін» медаліне лайықты деп танылып марапатталды.

 

Педагогикалық шеберлік орталығының
Қарағанды қаласындағы филиалы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.