Home » Мақалалар » Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және білім сапасын арттыру

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және білім сапасын арттыру

                             

Әліпбекова Торғын Талғатқызы

«Қостанай қаласы әкімдігінің № 11 орта мектебі»

Бастауыш сынып мұғалімі 

 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және білім сапасын арттыру 

Қазіргі таңда білім беру жүйесі күн сайын қарқынды дамып, ұлттың, жеке тұлғаның, әлеуеттің дамуына батыл қадам жасап келеді.

Бастауыш мектеп оқушысын жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы.

Қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын – бүгінгі мектеп оқушылары. Сол оқушыларды ойлануға жетелейтін тапсырмалардың бірі – функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар.

Функционалдық сауаттылықты арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Ол өскелең ұрпақтың саналы да сапалы білім алуында маңызы зор. Әрбір жеке тұлғаның шығармашылықпен ойлауы, ынталылығы мен құштарлығы, дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның ең басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Осы көрсетілген біліктер мектеп қабырғасында және отбасында қалыптасып, қаланады. Себебі отбасы: оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор болып есептеледі.

Белгілі педагог М.Жұмабаев «Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмары болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы керек» — дейді. Сонымен бірге бала бір затпен танысқанда, сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды. Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз, қызықтыр, баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің естіген нәрсесін көргісі келеді, көрген нәрсесін ұстағысы келеді. Ұстаған нәрсесінің дәмін татқысы келеді. Осы жолды ұстағанда баланың білімі берік болады деген пікірді айтады.

Мен ең әуелі сыныбымның оқушыларының қандай іске икемділігін, бойында қандай қабілеті бар екенін анықтап алып, оқушыларды зерттеп, оны әрі қарай ұштауға жол ашып келемін.

Сабақта тапсырмалардың мынадай түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып жүрмін:

-ми қозғау жаттығулары; ойлау сәті; психикалық механизмдерді жаттықтыру; көңілді үзіліс; логикалық тапсырмалар.

Әр тапсырманың өзіндік қызметі мен нәтижесі оқушының қабілетін қалыптастыра отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан олардың нәтижесі мынадай:

-Оқушылардың пайдалы эмоциялық негізі қалыптасады, танымдық мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі.

-Есте сақтау қабілетін дамытып, зейінін тұрақтандырады. Қызығушылығын арттырып, байқағыштыққа баулиды.

-Ізденімпаз болуға, тың шешім қабылдай білуге дағдыланады. Өзіне деген сенімділік қасиетін арттырады.

-Баланың қозғалыс икемін дамытады және бір мезетте бірнеше тапсырманы орындауға үйретеді.

-Ми жұмысы және көру жүйесі жақсарады. Шығармашылық жұмыстардың көрсеткіштері артады.

Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып (не жазып) бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Осы олқылықты жою мақсатында мынадай тапсырмаларды ұйымдастырамын.

«Баспалдақтан түсу». Бұнда берілген әріптерден бір әріп ала отырып (немесе қоса отырып) жаңа сөз жасау.

Шатақ → атақ → тақ →   ақ. т.б. сөздер

«Диалог-ертегі». Шарты: Мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез-келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…». 1-оқушы: «Сол ұлы орманда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

«Үштілділік. Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды. Яғни шарлы бойынша ең әуелі жұмбақты шешіп жауабы үш тілде айтылады. Кейін жұмбақ жауабына байланысты мақал мәтел құрастырады. Мысалы: Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса аттама.

(кітап-книга-book. Күш — білімде, Білім кітапта).

«Тез құра, сойлеме». Қолдарына әріптерді таратып, сол әріптерден сөйлемей жылдам жұмбақ жауабын құрауы қажет. Ол әріптерден екі жұмбақтың да жауабын шеше алады.

Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді. Салған ізі сөйлейді ( қалам)

Жүз теңгең болғанша, Жүз досың болсын. Бұл не? (мақал)

Функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмаларды орындату арқылы жеке тұлға білімді, сауатты әрі шығармашыл болып шығары сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.