Ұлы чех педагогі Я.А.Каменский осыдан бес жүз жыл бұрын айтып кеткен сөзімен бастағым келіп отыр. «Мұғалім алдыменен оқушының білімді қабылдауға дайын болуы үшін не істеуім керек деп ойлануы тиіс. Мұғалім оқушыға тәлім-тәрбие берместен бұрын, оның білім алуға деген ынтасын оятуы керек» деген сөзі әлі де заманға сай болып отыр.
Тағы да бір көрнекті швед педагогі И.Г.Песталоцци екі жүз жыл бұрын оқытуды баланың дамуымен, педагогиканы психологиямен байланыстыруды талап еткен.
Психологиялық жайлылық, немесе баланың ойлауының жеңіл әдісі, яғни:
— бала оқу материалын меңгеру барысында болуы мүмкін сәтсіздіктер алдында қорқынышты сезінбеуі тиіс;
— баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның танымдық қабілеттерін тек ауыртпалық түсірмейтін аралықта ғана жаттықтыру керек;
— баланың қабілеттерін оқу жылы барысында қайталап (циклмен) жаттықтыру қажет;
— баланың шығармашылық ойлауын дамыту нақты болуы тиіс, яғни қызметтің қандай да бір түріне сүйенуі тиіс;
— қарапайымнан күрделіге қарай, яғни тапсырмалар баланың психикасын зақымдамай бірте-бірте күрделенуі тиіс.
Бастысы пікірлестік болуы керек: педагог бір жағынан және ата-аналар мен мектептің психологиялық қызметі екінші жағынан.
Педагогикалық қызметте бірсарындылықтан, баланың жеке тәжірибесін ескермеуден сақ болу керек.
Қай жағдайда болмасын пәндік жүктемелерді асырып жіберуге және әбден жалықтырып, мезі етіп жіберуге болмайды: бұлардың барлығы барлық жұмсалған педагогикалық күш-жігерді жоққа шығарады.
Оқушылардың ойлауын дамытудағы жеңіл әдістерде маңызды рөлді:
— көркем суреттер;
— қызықты ойындар;
— күрделі емес кроссвордтар;
— танымал мультипликация кейіпкерлері пайдаланылған күлдіргі тапсырмалар. осындай танымдық сәттер атқарады.
Мысалы, кірпі бес сәбіз жинады, ал қоян оның үшеуін жеп қойды. Кірпіде қанша сәбіз қалды?
Мақсат балада оқуға деген тұрақты уәждемені қалыптастыру. Бұл уәж баланың танымдық белсенділігін арттыру болып табылады.
Оқушыларды оқытудағы әдістерді негізінен үш түрге бөлуге болады:
— пассивті әдіс (мұғалім сабақты өтеді, ал оқушылар тыңдайды және ұғынады);
— белсенді әдіс (мұғалім және оқушылар сабақтың белсенді қатысушылары болып табылады, нәтижесінде оқушылар жаңа білімді алады);
— интербелсенді әдіс, белсенді әдістің дамытылған түрі болып табылады. Бұнда білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының анағұрлым кең қатынастары, екінші әдістен ерекшелігі, бұл жерде оқушылардың белсенділігі басым болады.
Жоғарыда аталған әдістерді талдау баланың ойлауын дамытудың жеңіл әдістеріне негізінен анағұрлым заманауи әрі алдыңғы қатарлы үшінші және екінші әдістің принциптерін жатқызуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін кең тараған практикалық, көрнекі және сөздік әдістерді қолдануға болады. Практикалық әдістер – бұл жаттығулар, ойындар, үлгілеу. Бұл терминдерді нақтыласақ:
Жаттығу — баланың белгілі бір берілген қимыл-әрекетті ой немесе тәжірибе жүзінде меңгеру мақсатымен жоспарлы түрде қайталауы. Ойлауды дамытуға арналған жаттығуларға мысал келтірейік:
— жалпы бір сөзбен ата;
— артық затты тап;
— қажетті реттілікпен орналастыр;
— себеп-салдар байланысын анықта (үстелден тәрелкені түсіріп алу→ол сынады).
Ойын әдісі – тапсырмалар жиынтығынан тұратын ойын. Бұл тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай орналасады. Шығармашылық ойындар және шат шығармашылық нәтижесі бала ойының дамуын жақсы ынталандыруы керек.
Үлгілеу әдісі педагогтің моделдерді дайындауы және оны қолдануымен байланысты. Бұл көркем белгілеулер, мазмұндық схемалар, бірізділік – тізбе (жұмыртқа →балапан→тауық).
Ойлаудың жеңіл әдістерін қолдану өмірлік жағдаяттарды моделдеуді, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Бұндай оқыту үрдісінде балалар өзгелермен қатынас жасауға, сын тұрғысынан ойлауға, маңызды шешімдер қбылдауға үйренеді.
Оқушылармен жұмыстың келесі түрлерін пайдалануды ұсынамыз:
Жұптық жұмыс. Бұл жұмыс түрін кез-келген дидактикалық мақсатқа жету үшін пайдалануға болады: білімді меңгерту, бекіту, тексеру
және т.б. Жұптық жұмыс оқушыларға ойлануға, серіктесімен пікір алмасуға уақыт береді әрі содан соң ғана өз ойын сынып алдында айтуға мүмкіндік береді. Жұптық жұмыс қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз ойын айтуға, сыни ойлауға, көзін жеткізуге және пікір таластыруға ықпал етеді.
Кіші топтардағы жұмыс. Оқушылардың көптеген жеке қасиеттері қатарластарымен қарым-қатынаста дамиды және қалыптасады. Топтарда оқыту балалардың бір-бірімен ақпарат алмасуына, өз ойларын айтуларына, өзгелерді тыңдауға, бірлесе шешім қабылдауға үйретеді.
Рөлдік ойын. Рөлдік ойын кіші мектеп жасындағы балалар үшін ойынның кең қолданылатын формасы болып табылады. Ойын барысында балалардың адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, табиғат құбылыстарын және т.с.с. ойындық үлгілеуі жүреді.
Жоғарыда аталған жұмыстарды ұйымдастыру барысында, кейбір ұсыныстарды сақтау керек:
— топтарға үлгерімдері әртүрлі ұл балалар мен қыздарды араластырып біріктірген дұрыс;
— топ мүшелері бір-бірлерін жақсы көре алулары тиіс;
— жұмыс оң бағалануы тиіс;
— жұмыс нәтижесі болып жалпы модель, схема, сурет, шығармашылық көрсетілім табылады.
Тапсырмаларды түрлендіріп беруге болады:
— топ жалпы тапсырманы орындайды, алайда топтың әр мүшесі өз бөлігін өз бетімен орындайды;
— жалпы тапсырма топтың әр мүшесімен бірізділікпен орындалады;
— топтың барлық мүшелері тапсырманы орындау барысында бірлесе әрекет етеді.
Топтарда оқушыларға жайлы, кейде балалар түрлі себептермен өз ойын сынып алдында айта алмайды және керісінше, сол баланың топта белсенді ұстанымда болуы мүмкін, барлығымен тең жағдайда мәселелер мен шешімдерді талқылайтын. Оқушы бұл жағдайда өзін еркін сезінеді. Мұғалімнің міндеті – осы сенімділікті бекіту.
Қорытынды
Айтылған әдістер баланың анағұрлым өз бетімен жұмыс істеуіне, сыни ойлауына, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектеседі. Нәтижесінде оқытудың тұрақты жоғары сапалық деңгейі қамтамасыз етіледі.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ-ның
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Аманова Венера Онгаровна