Home » Мақалалар » Отбасы — тәрбиенің кепілі

Отбасы — тәрбиенің кепілі

Қазақтың тарихында киелі отбасының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп. Уақытында бізге бай, феодал ретінде оқытылған Құнанбайдың өзі тегін адам болмағандығын еліміз егемендікке жеткенде ғана білдік. Кішкене артық сөйлеп кетіп «Мен сізден оздым әке, мені бүкіл қазақ таниды» деген Абайға, «Е, Абай, сен менен оздым деуің үшін әуелі мен құсап өзің сияқты ұл тудырып ал» деген сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі сөз емес пе?

Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек? Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.
Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз.  .

Бұл да отбасындағы тәрбиенің біздің қоғамымыз үшін қаншалықты маңыздылығын көрсетсе керек. Тиісінше әр елдің аталмыш мәселенің алдын алу үшін қоғамдық деңгейде көтерген бастамалары мен мемлекеттік бағдарламалары бар. Бұл шаралардың басым бөлігі отбасыларға кәсіби деңгейде психологиялық кеңес беріп, көмек көрсете алатын орталықтардың санын көбейтіп, сапасын көтеруге бағытталады екен. Ал біздің елде осындай отбасылық орталықтар бар ма? Бар болса олардың саны қанша? Сол отбасылық кеңес беру орталықтарындағы мамандардың кәсіби деңгейі, біліктілік, құзыреттілік дәрежесі қандай? Қазіргі тілмен айтқанда, әуелі осы мәселелердің ауқымды аудитін өткізіп, қоғамдық және мемлекеттік деңгейде қолға алу керекпіз. Әдетте отбасылық қайшылықтарға ұрынған жұптар психолог мамандардың көмегіне жүгіне бермейді. Мұның да себеп-салдарын анықтаған абзал. Отбасы­лық психологиялық кеңес қызметтерінің беделін көтеріп, абыройын арттыруға бағытталған кешенді үгіт-насихат іс шаралары да керек-ақ.

Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары орасан зор: Ата-ананың, үлкен-кішілерінің, тарихи тұлғалардың айналасындағылардың өнеге-үлгісі, көркем сөз туындылары, музыка, бейнелеу өнері, табиғат, қоғамдық өмірдегі, спорттағы шығармашылық жетістіктері т.б.
Отбасы тәрбиесінің мақсаты, атқаратын қызметі, тәрбие құралдары халықтық педагогика негізінде дамиды. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан мектептен дін мәселесі бөлек қарастырылады. Конституция бойынша әр ұлт өкілінің мәдениеті аясындағы дінді ұстануына шек қойылмайтындығы белгілі.Демек отбасындағы халықтық тәрбиенің діни дүниетаныммен байланысына да назар аударып, имандылық, ізгілік, адамгершілік мәселеріне жете ден қою да өз мәнін жоғалтқан емес. Діннің ізгілікке тән қағидаларды ұстанатыны белгілі.
Ата-ананың отбасындағы өзара сыйластығы, мейірімділігі мен қамқорлығы, балаларына талап қоюы, олардың отан алдындағы жауапкершіліктерін арттыруы, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етуі бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарары сөзсіз.

Еркебаева Гульмира Сағымбекована,
Қарағанды қаласы
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
№11 негізгі орта мектебі КММ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.