Алматы қаласы Білім басқармасының №05-3-4 / 778 29.08.2018 ж. хаты негізінде, «№102 ЖББМ» Жетісу ауданы КММ-де 06-14 қыркүйек аралығында « Отбасы — бақыт мекені » атты ақпараттық іс-шара өтті.
Мақсаты:
Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру. Отбасында ата-ана мен баланың өзіндік орны, отбасында тәрбиеші және тәрбиелеушінің өзара қарым-қатынас стилінің дамуына отбасының әсер етуі, құндылығын ашуға немесе бағалауға бағыт-бағдарлау түсінігін жетелейтін отбасында бақыт.
Орта буын оқушылары «Отбасы — бақыт мекені» атты коллаж жасады. Мұнда оқушылар өз отбасына деген сүйіспеншілігімен, мейірімін жазған.
07.09.2018 жылы мектебімізде 5-10 сыныптар арасында «Менің отбасым — менің мақтанымым», «Мен өзімнің өз отбасым семьей» атты эссе байқауы өткізілді. Нәтижесінде 5 «А» сынып оқушысы Кукентаев Ерасыл, 6 «А» сынып оқушысы Танирберген Аңсар, 8 «А» сынып оқушылары Жүнісбай Али және ЧСарисунова Аида, 9 «В» сынып оқушысы Желитишева Елизавета, 10 «А» сынып оқушысы Бақытжанова Жибек туындылары жақсы деп табылды.
«Отбасы құндылықтарының бала тәрбиесіндегі орны» атты мектеп-интернатының ата-аналар жиналысы өткізілді.
Сыныптар арасында «Отбасым — күншуағым» викториналық ойындары ұйымдастырылды.
14 қыркүйекте 2-7 сыныптар арасында «Отбасы бақыт мекені» атты флешмоб ұйымдастырылды. Ал, 4 сынып оқушылары « Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы » жайында сөз болып, дөңгелек үстел-пікірталас ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәнінен мұғалімдер де қалыс қалмай мұғалімдермен бірге « Отбасымен бірге » атты спорттық ойын өткізді. Бұл спорттық ойын ата-аналар мен оқушылардың арасын жақындата түсті десек де болады.
10 қыркүйек күні біздің мектебімізде отбасының құндылығы мен маңыздылығын арттыру және отбасыларға қолдау көрсету мақсатында отбасыларға арналған «Жанұядан артық не бар? »Тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Бұл тренингке әр сынып оқушылары қатысты және балаларға арналған жадынама таратты. Бұл тренингте кім үйлестіруші, кім қорқоршы, кім бақытты екені таңдады. Мектебіміз психологтар Базарғалиева Назерке Әсемханқызы оқушыларға отбасының апдам өмірінде мәнді түсіндірді.
11 қыркүйек күні «Отбасым — шаттығым» атты флешмоб ұйымдастырылды.
13 қыркүйекте «Отбасы және бала» атты семинар, пікірталас өтті. 4 сынып оқушылары « Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы » жайында сөз болып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Отбасы — болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, оның табиғи даму ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы қарым-қатынас пен қарым-қатынас арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың құрамдас бөлігі болып есептеледі. Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау керек.
Ауелбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі бойынша
орынбасары