Home » Мақалалар » МҰҒАЛІМ ЕҢБЕГІ – ТАРИХТАҒЫ ЕҢ ҰЛЫ ІС

МҰҒАЛІМ ЕҢБЕГІ – ТАРИХТАҒЫ ЕҢ ҰЛЫ ІС

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын

  Макенова Анар Кайратовна Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылында туып-өсті. Орта білімді туған ауылындағы сегізжылдық шағын мектепте тәмамдап, 1985 жылы В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түсті. 1989 жылы бастауыш сынып мұғалімі және аға тәлімгер мамандығы бойынша арнаулы орта білім  алып шықты. Сөйтіп, еңбек жолын сол жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Алексеевка орта мектебінде бастады. 1996 жылдан бері ұстаздық қызметін Екібастұз қаласының №11 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жалғастырып келеді. 29 жыл бойы тек қана бастауыш сыныппен  жұмыс жасап, мыңдаған бүлдіршінді білім нәрімен сусындатты.

Кейіпкеріміз – ата-анасының адал перзенті, екі баланың анасы, аяулы дос.  Анар Қайратқызы қарапайым, еңбекқор, ізденімпаз ұстаз ретінде әріптестері арасында да құрметке ие. Оқушыға сапалы білім беру үшін ұстаз ізденімпаз, білім көкжиегі кең, кәсіби тұрғыда білікті тұлға болғаны жақсы. Анар Қайратқызы да осы ұстанымды іс жүзінде жүзеге асыруда. Ол жыл сайын «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында білімін жетілдіріп келеді. Нәтижесінде, 2015 жылы білім беру жүйесіндегі көп жылдық шығармашылық еңбегі үшін мектеп әкімшілігінің грамотасына, 2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» республикалық олимпиадасында ІІ орынға ие болып, Дипломға ие болды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, шығармашылық белсенділігі, ынта-жігері мен жаңашылдығы, жас ұрпақты рухани тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін қалалық білім бөлімінің грамотасымен, «2016-2017 оқу жылында өзінің интеллектуалдық және шығармашылық еңбектерін дамыту мақсатында қалалық әдістемелік апталықта «Кәсіптік шеберлігі» номинациясы бойынша Мақтау қағаздарымен марапатталды. 2017 жылы бастауыш сыныптарға арналған республикалық олимпиаданың және «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін даярлағаны үшін Алғыс хаттарымен марапатталды. 1918 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығы төралқасының шешімімен, қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика  саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ал, біздер білікті ұстаздың ел болашағы үшін атқарып жатқан игілікті қызметіне береке, табыс, сәттілік тілейміз!

 

Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.