Home » Мақалалар » Отбасының сәні — сыйластық

Отбасының сәні — сыйластық

Отбасы шағын мемлекет. Оның тірегі әке мен ана. Үлгілі жанұя үлкен қазына. Қазақ халқында   «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөз бар. Ұлы мен қызына тәрбие беретін ата-ананың парызы мен қарызы үлкен. Бүгінгі жаңа ғасырда жан-жақты жаңа тұлғаны тәрбиелеуде ата-ананың рөлі ерекше. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың бірін-бірі түсінуі, түсіністікпен өмір сүруі, бір-біріне қамқор болуы, адами асыл қасиеттерді  инабат, кішіпейілділік, отанды сүю, қазақ халқының салт-дәстүрін аялай дәріптеп білуге, мейірімділікпен, білімге  тәрбиелеуде күтер жемісің үлкен. Халық айтса, қалт айтпайды, Отан отбасынан басталады. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар»деген даналық сөзінде үлкен ғылыми тұжырымдаманы көрсетеді. Отбасының берік, керегесінің биік болуына әке мен ананың аялы алақаны мен қамқорлығының ықпалы ерекше. Біздің  мектепте Мектеп- бала-ата-ана үшбұрышы рухани-адамгершілікті дамытуда жүйелі  жұмыс істейді. Мектеп-гимназиясында ата-аналар комитеті ұстаздармен бірлесе отырып оқу-тәрбие жұмыстары мен іс-шараларға белсене араласады.

-Тәрбие жұмысында отбасы тәрбиесі маңызды орын алады. Тәрбие отбасы, ошақ қасынан басталады. «Не көрсең, ұшарда соны ілесің» деген сөз осының негізі. Отбасы тәрбиесіне арналған іс-шараларға  оқушылар ат салысып катысты.

Л.Н. Толстой говорил «Счастлив тот, кто счастлив у себя дома»
Бала біздің болашағымыз. Бүгінгі бала –ертеңгі еліміздің, қазақ деген ер жүрек, батыл халқымыз, мемлекетіміздің іргетасы.

Гүлжанар Андасбаева 

№110мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.