Home » Баяндамалар » «Отбасында бала тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі»

«Отбасында бала тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі»

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, адамгершілік-рухани білімді бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмес деп ойлаймын. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың, әлеуметтік педагогтардың басты міндеті. Рухани-адамгершілік білім берудің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған және бойында адамгершілік қасиеттері бар оқушы тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» пәні ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда пән мазмұны арқылы ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан бала рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке, ерлікті көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын – нағыз ұлттық, қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін – көркем шығармалар, адамгершілік бастаулары, әдептілік қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б. Міне, осындай қуат бойына дарыған жас ұлан келешекте бәсекеге қабілетті болатыны сенімді. Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие берудің жобасын іске асыру арқасында осы міндеттер өз шешімін тапты. Жастарға адамгершілік тәрбие беру мәселесі білім беру жүйесі арқылы іске асатынына өз үмітін артады. Автор біздің қоғамымызда жалпы адамзаттық құндылықтардың өркендеуі – мемлекетіміздің басты міндеті деп есептейді.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың отбасындағы өмірімен, отбасылық дәстүрмен танысуға мүмкіндік туғызады. Отбасы және мектеп алдындағы мақсат-міндеттер ортақ: дені сау, қабілетті, дарынды, рухани-адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу. Адамгершілік – рухани тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оларды жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан  рухани-адамгершілік  тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық  қабілетінің  жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіру. Өзекті болып отырған мәселелердің ішіндегі білім жүйесін ізгілендіруде «Өзін – өзі тану» пәні іргелі рөл атқарады. «Өзін-өзі тану – өмірді тану», – деп айтқандай көне грек философы Сократ. Басты мақсат – әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өзін – өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүру үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық  құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы  мен қызы болуға нағыз адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету. Қазіргі қоғам талабы да осыны көздеп отыр емес пе? Осы мақсаттарды жүзеге асыруда балалардың кішкентай кезінен ата-аналарына, туған-туысқандарына қоятын «Мынау не?», «Мынау кім?», «Неге олай?», «Неге бұлай?» деген сұрақтарына дұрыс  та нақты, дәлелді де тиянақты жауап беріп, оның  танымдық сұраныстарын қанағаттандыра отырып, жан – жақты тәрбиелеудің негізі осы өзін-өзі тану пәнінде жатыр. Өзін-өзі тану пәні адамның қоршаған ортаны дұрыс қабылдауынан, оларға деген дұрыс  қарым-қатынасынан басталады. «Баланы – жастан» деген халық мәтелі тегін айтылмаған. Кішкентай кезінен тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, отаншылдыққа тәрбиеленген бала адамгершілігі мол азамат болып шықпақ. Осындай жауапты да күрделі міндет жүктелген «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері мен балалар, ата-аналары арасында өзара түсіністік, сыйластық, бір-біріне деген құрметі бірінші кезекте тұруы, яғни өзара дос-құрбыларына, дәрежесі, құқығы тең адамдарша тілдесулері де жақсы нәтижеге жеткізеді. Осындай жағдайлардың жүзеге асуына «Өзін-өзі тану» пәні көмектеседі. Сабақтың негізгі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі  этикалық ойындар мен  жаттығулар  қолданылады. Балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа, түсінушілікке баулып, баланың бойында жалпы адамзаттық  қасиеттерді сіңіруді көздейді.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты үдеріс.  Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдерді мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Біздің мектепте бұл пәнді бастауышта да, жоғарғы сыныптарда  да арнайы курстардан өткен мұғалімдер оқытуда. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұрпақтың білім алып, тәрбие үйренудегі ұстаз рөлін жоғары бағалаған. Біздің мектепте мыңға жуық оқушы бар. Осы балалардың әрбіреуін ұстаздар қауымымен қатар, мемлекет, ата-ана, жалпы қоғам өз қамқорлығына алып, үлгілі тәрбие беріп қолдау көрсетуде. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Мейірімділік. Сүйіспеншілік. Сұлулық»  атты апталығында өткізілген ашық сабақ, тәрбие сағаттары: 4 «А» сынып «Кешірім мен келісім» тәрбие сағаты Мұғалім: А.Қ. Тұрсынова ;  3 «Ғ» сынып «Ортақ іс табысы» тәрбие сағаты Н.О. Алашбаева ;   4 «Ә» сынып  «Жақсылық жасай білейік»  тәрбие сағаты . Мұғалім: Қ.М.Жапенова. «Адамгершілік тұлға тәрбиелеудегі өзін-өзі танудың рөлі» атты тақырыпта баяндама А.Ш.Абдулина; «Ата- ана махаббаты» тақырыбында ата-аналарға арналған тренингі мектеп психологтары Ж.Б. Төлеубаева, Ж.Б. Ордабаева өткізді. Аптаның соңында  оқушылар дайындаған үлкен концертпен аяқталды. Қараша  айында өзін-өзі  тану пәнінен облыстық «Өзін-өзі тану – өзіңе жол ашу» атты семинар өткізілді. Мақсаты: оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеру, жағымды қарым-қатынасының, өзін-өзі жүзеге асыруының, сондай-ақ әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттерде өзін-өзі дамытуға сұранысын қалыптастыру. Семинарға облыс мектептерінің бастауыш сынып және өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты. Ашық сабақтар жоғары дәрежеде жүргізілді. Пән мұғалімдері: Ж.Б.Төлеубаева «Әдептен озбайық», Ж.Б.Ордабаева «Адал достық», А.Ш.Абдулина «Адамның жан сұлулығы» тақырыптарында сабақтарды әртүрлі әдістермен өткізіп, оқушылар  қызығушылықтарын аша білді. Семинар соңында пікірлер алысып, іс-тәжірибемен бөлісілді.

«Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

«Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар» дегендей, тәрбие мен оқу қатар жүріп, дамып, өрбіп отыратын процесс. Тәрбиесіз берілген білім – ертеңгі ұрпақтың үлкен қайғысы. Сондықтан қазіргі қоғамдағы жариялық жағдайында білім мен тәрбиенің ұлтымыздың озық дәстүрлері мен тәжірибесіне негізделуіне айырықша ден қойылуы тиіс. Себебі бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың  рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлары: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан   ата- аналармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері мен формаларын ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқан жөн. Иә, осылай деп қарастырсақ та тәрбие көзі отбасынан қаланатыны шындық емес пе? Ендеше, қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан  басталып, адамды өмір бойы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер  негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар  арқылы жүзеге асырылады. Осылайша отбасында ұлттық тәрбие халқымызда ғасырлар бойы жинақталған. Ал ұстаздар қауымына бала тәрбиелеуде ең  бастысы, ата-аналармен бірігіп, оқушылар өзінің Отаны Қазақстан патриоты болуды, қарым қатынастарын нығайту, өзара сыйластық, түсінушілік, бірлікті түсіну болып табылады.

Ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Осы орайда бала тәрбиелеуде өзін- өзі тану пәнінің орны ерекше. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер.

Отбасының қазіргі кезеңдегі  функциялары

—         тәрбиелік
—         рухани – адамгершілік
—         таным – білімділік
—         тұрмыстық
—         еңбекқорлық
—         мәдени білімділік
—         шығармашылық – демалыс

Отбасының негізгі міндеттері:

—         баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыруы
—         бала денсаулығына қамқорлық жасау
—         баланың оқуына көмек беріп отыру
—         еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға көмектесу
—         баланың жан- жақты дамуына көмектесу
—         баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту
—         баланы өзін – өзі тәрбиелеуге, дамытуға бейімдеу
—         балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау

Отбасы  тәрбиесінің мәңгілік компоненттері:

—         отбасы тәрбиесіндегі ахуал (дәстүр, жылылық, қарым- қатынас)
—         жанұя өмірінің тәсілі
—         ұрпақтар сабақтастығы (әке, шеше, ата ,апа, балалар)

Ұстаздар мен ата–аналардың өзара қатынасының функциялары:

—         тәрбиелік-дамытушылық
—         қалыптастырушылық
—         бақылаушылық
—         тұрмыстық
—         хабарламалық

Міндеттер:

—         ата-аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру
—         ата-аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру
—         ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру

Ата-аналарға жанұя тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады.
Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары:

—         ата- аналар жиналысы;
—         жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар;
—         ұстаздың жеке  ақыл – кеңесі, әңгімесі;
—         ата – аналар  университеті;
—         ашық есік күні.

-ата аналар жиналысы

Ата– аналармен  жұмыстың дәстүрлі  емес формалары:

—         тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме;
—         ата-аналар  оқуы;
—         ата-аналар кеші;
—         ата-аналар тренингі;

-педагогикалық насихат;

-кіші педагогикалық кеңестер;

-«Үздік суреттер», «Үздік қолөнер шебері», «Фото мерген», «Өнертапқыштар мен конструкторлар» және т.б. көрмелерге қатысу;

-спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетіңің жүлдесіне жарыстар ұйымдастыру;

-мәжіліс залында көркем фильмді көруді ұйымдастыру.  Ата-аналарға арңалған «Менің атым Қожа», «Алты жасар Алпамыс», «Көксерек» және т.б. фильмдерді ұсынуға болады;

-сауалнамалар алу, диагностика жүргізу.

Дербес жұмыс формалары ата-аналармен жұмыс жүргізуде маңызды рөл атқарады.

Педагогикалық консультация — дербес жұмыстың кең тараған формасы. Өкінішке орай балалары сыныптан-сыныпқа көшкен сайын ата-аналардың белсендігі төмендей береді. Консультацияның негізі — ата-аналардың сұрақтарына жауап беру. Педагогикалық — психологиялық түрғыдан алып қарағанда консультация ата-ананың бастамасына мұғалімнің қалауы, отбасына көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сұрақтарға нақты ақыл — кеңес беру сипатында болуы тиіс. Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізу.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы- педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға білім беру. Қазір ата-аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру – мектеп алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып жас ұрпаққа жан- жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі – ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардын педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақгарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін  игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады.

Жалпы ұрпаққа рухани-адамгершілік, тәлім-тәрбие беруде, оларды адами ізгі қатынастарға үйретуде, менің ойымша өзін-өзі тану пәнінің маңызы зор. Өзін-өзі тануды оқытудағы ең бастысы әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде ықпал етіп, өзін толық іске асыруына және әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізеді. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу – тәрбиешілердің міндеті.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірлермен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен дәрістер, консультациялар, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады. Осы орайда өзін- өзі тану пәнінің мүмкіндіктері зор. М. Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек».

Ата-аналарға кеңес берудің тақырыптық мысалдары:

—         Бала оқығысы келмейді. Оған қалай көмек көрсету керек?
—         Баланың есте сақтау қабілеті нашар. Қалай дамыту қажет?
—         Жанұядағы жалғыз бала. Тәрбиелеудегі қиыншылықтарды бөлісу жолдары.
—         Балаларды жазалаудың қандай жолдары бар?
—         Жанұядағы түсініспеушілік және дөрекілік.

Ата-аналармен келесі тақырыптарда отырыстар түрлерін өткізуге болады: Отбасылық кеңес «Сұрақ-жауап»; Ашық әңгіме «Жастар жарқын өмірді таңдайды, ол үшін біз не істеуіміз керек?»; Дөңгелек үстел «Дені сау, рухани бай ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің рөлі» ; Пікірсайыс «Балалары мыздың жасырын әлемі»; Құқықтық оқыту : ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы; ҚР «Бала құқығы туралы» заңы; ҚР «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың  қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» заңы; ҚР «Тіл туралы» заңы; Сайыс «Өнегелі отбасы». Ата-аналармен кездесу:
-ерекше назардағы оқушылардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету;
-«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»; «Мадақтау мен жазалау»;
-«Оқушының бос уақыты». Сауалнама толтыру. Мысалы «Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен бетпе-бет келу көмектеседі ме әлде одан жалтару кемектеседі ме?» деген тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады.

Ол сұрақтар мынадай болуы мүмкін.

1. Сіздің мінезіңізді, ерік күшіңізді өміріңізде кездескен қандай қиывдықтар шынықтырды деп ойлайсыз?

2. Балаңыздың қиындыққа тап болған кездегі (сөз, іс-әрекет, сезім мен көңіл-күй) ахуалын еске түсіріп, сипаттап беріңіз.

3. Сіздің балаңыз қиындықтардың қандайын жеңіп, қандайына шамасы жетпейді?

Осы мазмұндағы сұрақтар ата-ананың ойын жинақтап, тәрбие мәселесіне терең мән беруіне көмектеседі.

Келесі ойын- жаттығуларды  ата -аналармен тренинг жүргізгенде қолдануға ұсынылады:

Жаттығу: «Бір- бірімізді жақсы білеміз бе?»

Мақсаты: ата ана баласын қаншалықты біледі, яғни таниды.

Шарты: қойылған сауалға ата-ана да, бала да жазбаша жауап беріп, жауаптары сәйкестендіреді.

Жаттығу «Есімдер»

Мақсаты: ата- аналар өз балаларын тереңірек таныстыру.

Шарты: ата- аналар өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни балаларының есімдерін қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп, айтып шығады.

«Өтінемін» ойыны

Мақсаты: ата -ана мен балалар арасындағы қарым -қатынасты жақсарту, бір- біріне көңіл бөлу, бірін- бірі  тыңдай білуге үйрету.

Нұсқау: Мен әртүрлі өтініштер жасаймын, сіздер оны орындауларыңыз керек. ”Өтінемін” деген сөзді айтпасам сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

Жаттығу. «Мен және айна»

Мақсаты: ата- ана мен бала арасында жағымды сезім туғызу.

Шарты: ата ана қандай да бір қимыл жасайды, баласы соны қайталайды.

Жаттығу. «Тілек шамы»

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу, жақсы тілектер айту.

Отбасы, ұшқан жанұя – жылылықтың, жылулықтың  мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың  басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір- бірімізге тілек айта жүргізейік.

Ата-аналармен келесі тақырыптарда отырыстар түрлерін өткізуге болады: Отбасылық кеңес «Сұрақ-жауап»; Ашық әңгіме «Жастар жарқын өмірді таңдайды, ол үшін біз не істеуіміз керек?»; Дөңгелек үстел «Дені сау, рухани бай ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің рөлі» ; Пікірсайыс «Балаларымыздың жасырын әлемі»; Құқықтық оқыту : ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы; ҚР «Бала құқығы туралы» заңы; ҚР «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың  қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» заңы; ҚР «Тіл туралы» заңы; Сайыс «Өнегелі отбасы». Ата-аналармен кездесу:
-ерекше назардағы оқушылардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету;
-«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»; «Мадақтау мен жазалау»;
-«Оқушының бос уақыты». Сауалнама толтыру. Мысалы «Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен бетпе-бет келу көмектеседі ме әлде одан жалтару кемектеседі ме?» деген тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады.

Ол сұрақтар мынадай болуы мүмкін.

1. Сіздің мінезіңізді, ерік күшіңізді өміріңізде кездескен қандай қиындықтар шынықтырды деп ойлайсыз?

2. Балаңыздың қиындыққа тап болған кездегі (сөз, іс-әрекет, сезім мен көңіл-күй) ахуалын еске түсіріп, сипаттап беріңіз.

3. Сіздің балаңыз қиындықтардың қандайын жеңіп, қандайына шамасы жетпейді?

Осы мазмұндағы сұрақтар ата-ананың ойын жинақтап, тәрбие мәселесіне терең мән беруіне көмектеседі.

Келесі ойын- жаттығуларды  ата -аналармен тренинг жүргізгенде қолдануға ұсынылады:

Жаттығу: «Бір- бірімізді жақсы білеміз бе?»

Мақсаты: ата ана баласын қаншалықты біледі, яғни таниды.

Шарты: қойылған сауалға ата-ана да, бала да жазбаша жауап беріп, жауаптары сәйкестендіреді.

Жаттығу «Есімдер»

Мақсаты: ата- аналар өз балаларын тереңірек таныстыру.

Шарты: ата- аналар өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни балаларының есімдерін қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп, айтып шығады.

«Өтінемін» ойыны

Мақсаты: ата -ана мен балалар арасындағы қарым -қатынасты жақсарту, бір- біріне көңіл бөлу, бірін- бірі  тыңдай білуге үйрету.

Нұсқау: Мен әртүрлі өтініштер жасаймын, сіздер оны орындауларыңыз керек. ”Өтінемін” деген сөзді айтпасам сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

Жаттығу. «Мен және айна»

Мақсаты: ата- ана мен бала арасында жағымды сезім туғызу.

Шарты: ата ана қандай да бір қимыл жасайды, баласы соны қайталайды.

Жаттығу. «Тілек шамы»

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу, жақсы тілектер айту.

Отбасы, ұшқан жанұя – жылылықтың, жылулықтың  мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың  басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір- бірімізге тілек айта жүргізейік.

Бала тәрбиесі қашан да кезек күттірмейтін, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек. Бала үшін отбпсы – басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды. Сөйтіп бала өзінің ең жақын адамдары арқылы өзін қоршаған дүниені танып біледі.

Қарым-қатынастың ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау, мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады.

Жағдаяттарды талдау

1. Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бірауыз жыылы сөз естімеді.

Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?

2. Он  жасар баласының бөлмесін жинап жүрген  шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының  ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз  адам анасы  болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.

Анасының іс-әрекеті дұрыс  деп құптайсыз ба?

Баланың қандай құқығы бұзылды  деп ойлайсыз?

Сұрақтар:

—         Отбасы тату болу үшін адам бойында  қандай қасиеттер болу керек?

—         Отбасы жарастығының сыры  неде?

—         Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесіз?

—         Балаңыз бір оғаш нәрсе жасап қойды делік. Сіз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде  ойланып көрдіңіз  бе?

—         Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың  пікірмен үнемі ақылдасып  отырасыз ба?

—         Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан  кешірім сұрайсыз ба?

Ұстаздар мен ата – аналарға кеңес:

—         егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды
—         балаға үнемі күлсе , ол бұйығы болып кетеді
—         баланы мақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды
—         баланы қолдап отырса, ол  өз бағасы үшін оқиды
—         бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді
—         бала адалдықта өссе, ол адал болып жетіледі
—         бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды
—         бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі
—         бала түсінікте және сүйіспеншілікте  өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістері арқылы жасөспірімдік кезеңдегі келіспеушілік пен жасөспірім шақтан ересек шақтағы өтер кездегі мінез қиыншылығын жеңуге мүмкіндік береді. Осы орайда өзін-өзі тану пәнінен оқушыларға арналған  тест « Сіздің мінезіңіз қандай?» алуға болады.
Мақсаты: оқушылардың мінезін, көңіл-күйін анықтауға арналған. Бұл тест мінезді тез арада анықтауға  мүмкіндік береді. Егер мінездің кемшіл тұстары анықталып жатса, оны сыпайылап жеткізген дұрыс. Оқушылар сұрақтарға «иә/жоқ» деп жауап береді.
Сұрақтар:
1.    Сізге күшті дәмдеуіштер қосылған тамақ ұнайды ма?
2.    Сіз өзіңізді ортада жақсы сезінесіз бе?
3.    Сіз кейде қуаныштан төбеңіз көкке жеткендей бола ма?
4.    Сіз дастарқан басында қонақтарды қызықтыра аласыз ба?
5.    Сіздің басыңыз жиі ауыра ма?
6.    Сіз кейде тіс жууды ұмытып  кетесіз бе?
7.    Сіз әрқашан  бір шаш үлгісімен жүресіз бе?
8.    Басқатырғыштарды шешкенді ұнатасыз ба?
9.    Дене жаттығуларымен айналасасыз ба?
10.    Сізде мелонхолиялы көңіл-күй жиі бола ма?
11.    Тыныштықта жұмыс істегенді ұнатасыз ба?

Сұрақтар     1    2    3    4    5    6    7    8    9    10    11
Иә     3    2    4    3    1    4    3    1    3    1    4
Жоқ     2    1    2    2    2    1    4    4    1    4    1

Талдау:
20 ұпайдан төмен – сіз тыныштықты, табиғатта серуендеуді ұнатасыз. Шулы кафеден гөрі үй жағдайындағы достар мен қарым-қатынасты қалайсыз. Осы себептен сізді кейбір достарыңыз іш пыстырады деп ойлайды.
21 – 24 ұпай – сіз жеткілікті деңгейде жеңілтексіз. Адамдармен тез тіл табысасыз, бірақ көңіл күй ауыспалылығы жиі болады – бірде  жабырқау, бірде тым көңілді.
25 ұпайдан жоғары – ортадағы сіздің орныңыз ерекше. Сіз әзілқойсыз, басқа  адамдардың көңіл күйінің көтеріңкі болуына себепші боласыз. Қызықты әңгіме айтып, үзіліссіз күлдіре аласыз.

 

Ата-ана мен жасөспірім арасындағы қарым-қатынастың  жақсы жағынан қайта қарап, дұрыс пайымдауға сараптауға көмектесетін «Мен және менің ата-анам» тест алу арқылы балалардың ата-анамен қарым-қатынасын  нығайту жолдарын құрастыруға болады.  Тесттің сұрақтарына «Иә», «Жоқ», «Кейде» жауап беру қажет.
1.    Ата-анаңыз сіздің достарыңызды біледі ме?
2.    Сіз ата-анаңызбен ашық сырласып сөйлесесіз бе?, жеке сұрақтар бойынша кеңес аласыз ба?
3.    Сізді ата-анаңыздың жұмысы қызықтыра ма?
4.    Достарыңыз үйіңізде жиі болады ма?
5.    Үйдегі өз міндеттеріңізді орындайсыз ба?
6.    Үйде жалығасыз ба?, үйден тыс жерден дем алуды жақсы көресіз бе?
7.    Ата –анаңызбен ортақ қызығушылықтарыңыз немесе істеріңіз бар ма?
8.    Сіз отбасылық мерекелердің  дайындығына қатысасыз ба?
9.    Туған күніңізде ата-анаңыздың үйде болуын қалайсыз ба?
10.    Оқыған кітаптарыңызды ат-анаңызбен талқылайсыз ба?
11.     Ата – анаңызбен телехабарларды және фильмдерді талқылауды ұнатасыз ба?
12.    Ата-анаңызбен театрға, көрмелерге, музейлерге барасыз ба?
13.    Өміріңізде ата-анаңызбен серуендеу, саяхатқа шығу сәттері жиі болады ма?
14.    Демалыстарда ата-анаңызбен өткізгенді қалайсыз ба?
15.    Қалай ойлайсыз? Ата-анаңызбен аралықта өзара түсінбеушілік бар ма?

Ұпайларды санау
«Иә» – 2 ұпай
«Кейде» – 1 ұпай
«Жоқ» – 0 ұпай

10 және одан да аз ұпай
Сенде ата-анаңыз да өзара түсінбеушілікте айтарлықтай қиыншылықтары бар. Сіз ата-анаңызбен бірге тұрғанымен, бір-бірлеріңізбен бөтен адамдар сияқтысыз. Мүмкін сіздердің араларыңызда жиі ұрыс-керістер болып тұратын шығар. Иә болмаса көп уақытқа созылып келе жатқан түсінбеушіліктер бар. Бұл әрине екі жақтың да көңілін толтырмайды. Сіз өзіңіз алғашқы қадам жасауға тырысып көріңіз. Ең алдымен мынаны түсінуге тырысыңыз. Сіздің ата-анаңыз сіз сияқты өз қызығушылықтары, қамқорлықтары, түйткіл мәселелері бар адамдар.
11-20 ұпай
Жаман емес! Сіз ата-анаңызбен қарым-қатынастасыз деп айтуға болады. Бірақ ол керемет бір емес ата-анаңызбен де қызықты болатынын түсініңіз.
20 ұпайдан жоғары
Құттықтаймыз! Сіз  көп нәрсеге қол жеткіздіңіз деп айтуға  болады: Сізде өз ата-анаңызбен өзара толық түсінісушілік бар. Сіз ата-анаңыз үшін-олардың нағыз жақсы көретін, сыйлайтын адамсыз: ашық және шыншыл, әрқашан да көмектесуге және отбасы үшін  ортақ проблемаларды бөлісуге дайынсыз. Отбасыдағы мұндай қатынас – нағыз бақыт.

Жалпы диагностикалауды  жүргізуде:

-сыныптың білім сапасын диагностикалау

-Жеке оқушының дамуын диагностикалау.

Оқушы мен ата- аналар арасындағы қарым- қатынас, отбасындағы, сыныптағы психологиялық ахуалды анықтау, яғни  оқушы  мүмкіндігін терең зерттеп, мінезіндегі ерекшеліктері мен қабілетін, оның  белсенділігі мен талап тілегін және отбасы ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана педагогикалық білім мен психология өз үйлесін табады.

Қорытынды:

Бала тәрбиесінің алтын қазығы – туған ұясы, өз отынын басындағы ата- ана тәрбиесі, өнегесі. Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл – Фараби “ Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі” деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы ,ақыл – ойы, сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала ата – ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі . Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой- өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Халықтық педагогикадағы ұрпақ тәрбиесіне келетін болсақ: бұрын қазақ халқының әрбір отбасы өзінің ұрпағын ақылды, ержүрек, жарамды етіп тәрбиелеуді жеке басының жұмысы деп қарамай, ұлтының, Отанының ертеңі, болашағы тұрғысынан өзінің қоғамдық борышы деп қараған. Сондықтан әрбір ата- ана баласын ар – намысты болуға, адамгершілікке , мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» курсының бүгінгі таңда  бала тәрбиелеуде  маңыздылығы өте зор. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке азамат өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа жеткен халқымыздың мол мұрасы осы пән арқылы келесі ұрпаққа жетіп жатса — біздің де мақсаттарымыздың орындалғаны.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Қазақстан мектебі». Ғылыми-педагогикалық журнал. №2,3, 2010ж;

2.«Өзіндік таным». Рухани-адамгершілік тәрбие беру журналы. №2-5, 2003ж;

3.«Педагогикалық кеңес». Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1, 2010 жыл;

4. Самопознание.Кz  «Дәуір» баспасы №7,8. 2011ж

сыныптарға арналған әдістемелік құрал С.Назарбаева 2010ж;

5.Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. С.Қалиева «Рауан баспасы» 1996ж;

6.«Халық даналығы» Адамбаева Б. Алматы, «Рауан баспасы» 1996ж;

7.«Жақсылық ұмытылмайды» И.Хаселұлы Алматы, «Мектеп» баспасы 2005ж;

8. Әбенбаев С.Ш  «Тәрбие теориясы мен әдістемесі». – Алматы, 1987;

9. Жұмабаев Ә.  «Ата – аналар  жауапкершілігі». – Алма-Ата, 1977;

10. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. – Алматы: Дарын, -2004. -448 бет;

11. Смайылова М. Тәрбие жүмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі, №10, 1988. 29-30 беттер;

12. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. — Алматы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992;

13.Сабақ беру тиімділігін арттыру/Құрастырган Б. Сманов. -А, 1989;

14.Төлеубеков А. Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. -Алматы, 1991 ж.

 

Ордабаева Жанар Бейсенбаевна

№25 жалпы орта білім беру мектебінің

педагог-психологі

Павлодар қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.