Home » Жаңалықтар » ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ

        «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» — да «Бәрі де отбасынан басталады» жалпы білім беретін мекемелердің педагогикалық қызметкерлері үшін ұйымдастырылған сынып сағатының облыстық байқауы өтті. Байқау Қазақстан халқының Қостанай облыстық Ассамблеясымен бірлесе ұйымдастырылып, Халықаралық отбасылық күнімен тұспа-тұс келді.
Оқушылардың отбасына деген құндылықты көзқарасын тәрбиелеу қазіргі таңда педагогикалық мәселелердің өзектісі болып табылады. Бұл мәселені шешу тек олардың отбасыларының болашағына ғана емес, жалпы қоғамның да болашағына тікелей байланысты. Отанға деген махаббат отбасынан бастау алады. Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласында: «…ұлтжандылық өз жеріне, өз ауылына, қаласына, ауданына, кіші отанына деген махаббаттан басталады», — деген болатын. 
Осы байқау Елбасының «Туған жер» бағдарламасындағы қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал ету және оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда қызметтік әдіс идеясын тәжірибе жүзінде жүзеге асырып жатқан шығармашылықпен жұмыс жасайтын, талантты педагогтерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға Қостанай облысының 35 педагогтер, сынып жетекшілер, кітапханашылар, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Қазақстан облыстарынан әріптестер қатысты. Қарасу, Меңдіқара Федоров, Камысты, Сарыкөл, Жетіқара аудандары, Қостанай және Рудный қалаларының мұғалімдерінің белсенді қатысушылары мен шығармашылығына алғыс білдіреміз.
Барлық материалдар білім алушыларды талдау мен олардың шығармашылық қызмет белсенділігін ынталандыратын қызықты тәсілдер, ойын түрлері және жұмыс әдістерімен ұсынылды.
Конкурстық материалдарды зерттеген сарапшылар тобы 10-15 мамыр аралығында үш номинация бойынша ең үздік жұмысты анықтады:

  • 1-4 сыныптар үшін сынып сағаты
  • 5-9 сыныптар үшін сынып сағаты
  • 10-11 сыныптар үшін сабақ сағаты

Жеңімпаздар мен олардың конкурстық жұмыстары туралы толығырақ ақпаратты http://orley-kost.kz сілтемесінде табуға болады. Қатысушылардан және олардың барлығынан өздерінің пікірлерін қалдырып, «Кері байланыс» бөлімінде өткізілген конкурстың тиімділігін анықтауға шақырамыз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Л. Федас
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»
кітапхана меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.