Home » Ашық сабақтар » «Осы үш сүю болады имани гул» өлеңі

«Осы үш сүю болады имани гул» өлеңі

Шагирбаева Жулдыз Алмасхановна

Оңтүстік Қазақстан облыстық

үш тілде оқытатын мамандандырылған

 №1 мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 11

Пәні: Абайтану

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға білім, тәрбие берумен қатар өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.

Дамытушылық: өзіндік пікір қалыптастыруға, ойын жеткізе білуге, шығармашылыққа баулу. Шығарманы талдау арқылы өз бетінше іздендіру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ — жауап, топтастыру, өз ойларымен бөлісу, рефлекция, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Абай энциклопедиясы, бейнебаян, слайд, үнтаспа,  тірек-сызбалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі       

Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасы                                                                                                                            «Қырық үшінші қарасөзі» үнтаспадан тыңдату.

  • Ой қорыту
  • Қарасөздегі жан қуатының үш элементі (үш тілде айту)
  • Абайдың Хауас туралы көзқарасы
  • Абай шығармаларындағы көрініс ішкі сыртқы сезім түйсіктері.
  • Қарасөзден не түсіндік, ойымызға нені түйдік?

III. Жаңа сабақ: Абай атамыз Осы үш сүю болады  имани гул «Алланың өзі де рас, cөзі де рас, Рас сөз еш уақытта  жалған болмас» ,руымызға болады. Ы Алтынсариннің: «Бір Алланың атымен, кел балалар оқылық»,-деген сөзі өмір бойы айтылып келеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-өмір сүрген, өмір сүріп жүрген және өмір сүретін  адам баласының ең ұлысы. Алланның жолымен жүруді қалаған әр мұсылман Пайғамбарымыздың  өмірбаянын, тіршілігін жақсы біліп, оның ізімен жүруі тиіс.

Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнымен идеясын ашу және сатылай кешенді талдау жүргізу.

Авторы: Абай Құнанбайұлы

Тақырыбы: «Осы үш сүю болады имани гүл»

Мазмұны: ой туралы

Идеясы: Алланың барына сену, иман келтіру

Буын:11

Бунақ:4

Тармақ:56

Шумақ: 14

Ұйқас түрі: қара өлең

Жанр түрі: поэзия

  • Ой қозғау
  • Абай қазақ қауымының рухани жағынан іштей тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт бағдарын көрсетіңіз;
  • ақынның ішкі нанымы, адамшылық жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы айтыңыз;
  • Алланы сүю, адамзатты сүю хақ жолын сүю «Имангүл» философиясының негізі болатындығы туралы айтыңыз.
  • Ой өрбіту: Бейнебаян (осы өмірмен байланыстыру)

Алланы анық танытатын, бөліп айтып отырған  төрт кітабына түсінік беру.

  • Мұса пайғамбарға келген кітап — Тәурат (Талмуд)
  • Иса пайғамбарға келген —Інжил (Евангелия),
  • Дәуіт пайғамбарға келген — Зәбур (Псалма)
  • Мұхаммед пайғамбарға келген кітап —  Құран.

Тірек сөздер (дәптермен жұмыс)

Аманту, билләһи (арабша) — Аллаға сендім, барлығына бірлігіне (жалғыздығына нандым)
Уақтубиһи (арабша)- және кітаптарына сендім.
Нәби (арабша)- пайғамбар

Имани гул (арапша)- кәміл, иман
Қағида, қағидә (арабша)- негізгі шарт ереже мағынасында
Тағриф (арабша)- түсіну, білу, анықтау
Әһли кітап (арабша)- қасиетті кітаптың ішінде аталған адамдар (мұсылмандар, еврейлер, християндар т.б.
Тахқиқ (арабша)- анық, айқын, орындау, іске асыру
Тағат (арабша)- Аллаға ғибадат қылу, бойысыну.
Тасдиқ (арабша)- шындық, сенім
Ғибадат (арабша)- табыну, құлдық ету.
Хуснизән (парысша)- жақсы ниет, көркем ой, жақсы пікір
Мүмин (арабша)- ислам дінін жақтаушы, мұсылман
Тәуил (арабша)- анық мағынасына жете білу.
Мүнафиқ (арабша)- екі жүзді, іші кәпір, сырты мұсылман.

  1. Бекіту кезеңі: Бейнебаян (Аллаға сансыз шүкір) оқушылар өз ойларын ортаға салу.

Қорытынды: рефлексия

  1. Бағалау:
  2. Үйге тапсырма: Эссе “Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер”

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.