Home » Мақалалар » Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері бойынша білім берудің өзекті сұрақтары талқыланды

Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері бойынша білім берудің өзекті сұрақтары талқыланды

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндерінен білім берудің өзекті сұрақтары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинары болып өтті.

Семинар жұмысына институт қызметкерлері, облыстық, қалалық жалпы білім беру ұйымдарының орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері мұғалімдері қатысып, пәнді оқытудың өзекті мәселелері талқыланып, іс-тәжірибелерімен бөлісті

Шара соңында облыстық әдістемелік семинар жұмысына белсене қатысқан педагогтарға арнайы сертификаттар табысталды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.