Білім беру үдерісіндегі оқу бағдарламасы бойынша өзгерістер заманауи педагогтің ойлау деңгейіндегі ақпаратты таратушы мұғалімнен іс-әрекеттегі мұғалім ретінде қалыптасуына әкеліп отыр. Сонымен қатар оқушылардың оқу қызметін және танымдық белсенділігін арттыру көзделген.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» 2017 жылдың 10 сәуір 30 маусым аралығында орыс мектебіндегі орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімдері үшін ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстары табысты аяқталды. Жалпы білім беру мазмұнын жаңарту курсы бойынша 190 педагог өз біліктіліктерін арттырды.
Мұғалімдерді оқытудың маңыздылығы білім беру мазмұнын жаңарту мән мәтініндегі оқушылардың коммуникативтік және тілдік құзыреттіліктерін, функционалдық дағдыларын қалыптастыруды және педагогикалық инновациялық тәсілдерді меңгеруіне көзделген. Біліктілікті артттыруда курс тыңдаушылары:
- орыс тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік ерекшеліктерді анықтады;
- оқушылардың тілдік дағдыларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту үшін сабақтарда белсенді оқыту стратегияларын қолдануды талдады;
- сабақтарда оқытудың жүйелік-қызметтік тәсілдерін және құзыреттіліқ дағдыларын тәжірибеде қолдануға бейімделді;
- өзінің даму траекториясын анықтау және оқу жетістіктерін бағалау қабілеттерін, оқушылардың рефлексивтік дағдыларын қалыптастыруға және оқу мен оқытуда тиімді қадам жасаудың тиімді жолдарын және критериалды бағалау негізінде сабақты жоспарлауды игерді.
Аталған курстар орта мектепте енгізілген өзгерістерді жаңаша тұрғыдан жүзеге асыруға және педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды.
Ольга Медведева,
Гүлсара Мұңжасарова, СҚО,
«Инновациялық технологиялар және гуманитарлық,
жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту әдістемесі»
кафедрасының аға оқытушылары