Home » Жаңалықтар » ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ: ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ: ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістер кафедрасының ұйымдастыруымен 18 қыркүйек күні «Орта білім беру мазмұнын жаңарту: оқыту әдістері мен түрлері» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа педагогикалық тәсілдерді түсіну және қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби дәңгейін көтеру, қолдау және бағыт беру, бағдарламаға қатысты сұрақтарды талқылау мақсатында өткен шараға пән мұғалімдері, ата-аналар қатысты.

Қатысушылар дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту қажеттілігін талқылады. №5 орта мектеп директорының міндетін атқарушы А.О. Куспанова жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдер туралы мәліметтер, мектептің материалдық-техникалық базасы, оқушылардың жаңа оқулықтармен қамтылуы, жаңартылған бағдарлама бойынша оқуға дайындығы туралы айтып берді. Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістер кафедрасының аға оқытушысы    К. Асанова оқыту мен оқуға қойылатын заманауи талаптар туралы ақпарат берді. 5-ші және 7-ші сыныптардағы жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істейтін орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Х.К. Акимбаев критериалды бағалауды, белсенді оқыту стратегияларын қолдануды ескере отырып, қазіргі заманғы сабақты әзірлеуде өз тәжірибесімен бөлісті. Пән мұғалімдері білім беруді жаңғыртуды ұсынып, жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлісті. Ата-аналар жаңа оқулықтардың құрылымы мен мазмұны, сабақ кестесі, үй тапсырмасының ауыртпалығы, бағалау түрлері және т.б. өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылданды. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнына айтарлықтай өзгерістер енгізілуіне байланысты ата-аналармен ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде мұғалімнің ерекше рөлі атап өтілді.

Қымбат ӘМІРҒАЛИҚЫЗЫ,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ

Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді

оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістер

кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.