Home » Жаңалықтар » Білім беру ұйымын басқару үдерісін стратегиялық жоспарлау негіздері

Білім беру ұйымын басқару үдерісін стратегиялық жоспарлау негіздері

Нәтижеге бағытталған білім беру ұйымын басқару үдерісін стратегиялық жоспарлау негіздері

Білім ұйымының жұмысын  басқару  үрдісі  белгілі  мақсатқа  жетуге  бағытталған дәйекті  түрдегі  іс-шаралардың жиынтығымен көрініс табады. Басқарудағы менеджмент педагогикалық ұжымның парасатты, нысаналы іс-қызметінің көмегімен білім беру жүйесін бағындыру және тәртіпке келтіру  жұмысынан тұратындығы  бұрыннан белгілі. Сонымен қатар менеджмент  стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жету жолында әрбір ұйыммен жәнe олардағы педагогтардың нысаналы және  келісімді  жұмысын қамтамасыз  ететін  басқару тетігін қалыптастырумен ерекшеленеді.

Бүгінгі таңда білім саласындағы менеджмент – басқарудың  маңызды  құрамдас  бөлігіне айналды. Оның тиімділігін тануда стратегиялық жоспарлаудың ролі артып келеді. Мысалы 5-7 жылға есептелген мектептердің стратегиялық Даму жоспары, Кембридж университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің біріккен бағдарламасы бойынша оқытылатын деңгейлік оқу курстары қорытындысымен жасалатын қысқа және орта мерзімді жоспарлардың білім ұйымын мақсатты жетілдіруде рөлі ерекше.

Білім жүйесіне «стратегия» термині қажеттілігімен танылып, кеңінен еніп отыр. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау білім ұйымы қызметінің жалпы концепциясын білдіреді. Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.