Home » Ашық сабақтар » Орман әлеміне саяхат. Тілепбергенова Жайнагүл Серікқызы

Орман әлеміне саяхат. Тілепбергенова Жайнагүл Серікқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Мақсаты:

Білімділік: Музыкалық шығармалардың сезімдік мазмұнын, сипатын ажыратуға үйрету.

Дамытушылық: нәзік, сабырлы, көңілді де ойнақы, көңілсіз, ән айту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: сюжеттік-ойын кейіпкерлер арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ағаштар, билеп тұрған аюлар, марш ырғағымен тұрған қасқырлар, секірген қояндар, атрибуттар, құрсаулар, суреттер, кеспелер.

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балаларды көңілді қарсы алады.

Сәлемдесу жаттығуымен бастайды. «Балбөбек»    А. Мұқамбетқалиева. Балаларға би қимылдарын үйретеді. Шеңбер бойымен жұптасып жүруді, өз орындарына келіп т ұруды көрсетеді

Балалар далаға көз салыңдаршы, айнала құлпырып тұр емес пе ? Қазір жылдың қай мезгілі?

Ендеше жыл мезгіліне байланысты үйренген әнімізді орындап берейік.

  • Балалар, әнді жақсы айтумыз үшін алдымен не істейміз?

 

Дауыс жаттығуы:

Біз ән айтамыз

Жақсы айтамыз

Ән: «Көктем» муз: Ю. Верижников.

Ал балалар, балалар

Саяхатқа шығайық

Ормандағы аңдарға

Көлікке мініп барайық.

«Саяхат» С. Мұхамеджанов шығармасын тыңдай жүріп, балалар көлікке мініп, орманға барады.

Балалардың іс-әрекеті.

Балалар музыка залына кіреді,

Әндетіп амандасады.

Балалар шеңбер бойымен жүріп, өз орнын табуға, қимылдарды қайталап үйренуге талпынады.

Көктем мезгілі, күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар келеді т.б.

Әнді анық айту үшін дауыс жаттығу жасаймыз.

Әнді көңілді айтуға тырысады

Балалар музыканы тыңдап, шеңбермен пойызға мініп жүргендей қимыл көрсетуге тырысады.

Балаларды отырғызып «Қарлығаш» Қ. Шілдебаев. шығармасын демала отырып тыңдауға ұсынады.

Жетекші: Қараңдаршы, орман іші әдемі

Осы кезде алдарыңнан қоян шығады.

Қоянмен амандасады, орман ішіндегі аңдар тапсырма болатынын айтады.

Қояның тапсырмаларын орындап, қоянмен бірге би билеп ән айтады. Ән: «Қошақан» әні айтылады.

Қимылды әуен: «Бұғының үлкен үйі бар» Қоянмен қоштасып , Көлікке мініп бақшаларына қайтып келеді.

Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап». Ойын ұйымдастыру арқылы балалардың көңіл күйін көтеруге тырысады. Балалар бірнеше аңдардың  атрибутын бастарына киіп көңілді музыкамен би билеп жүреді. Кенеттен  жаңбыр жауады, сол сәтте аңдар өз үйлерін тауып тығылады.

Үлгермеген ойыншы айыбын төлейді..

Балалар жайғасып отырады, музыканы тыңдайды.

Балалар таңырқай қарайды.

Қоянды көріп, таңырқайды, биді әдемі билеуге тырысады, әнді нақышына келтіріп айтады.

Балалар қоянмен қоштасады.

Қимылдық ойында балалар аңдардың атрибутын таңдап киіп, әуенді тыңдай жүріп ойынға белсене қатысады. Балалар ойынды жалғастырады.

Балалардан қайда барғандарын сұрайды.
— Балалар, орманда қандай аңдармен кездестіңдер?

Қандай әндер айттық?

Балаларды мадақтайды, қоштасады.

Орманға бардық.

Қасқар, қоян, аю

Қуанады, шаттанады.

Көктем, Қошақан

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Музыканы тыңдай отырып, сипатын ажыратуды.

Қандай түсініктерді игереді: Музыканы тыңдап, ойын арқылы жылдам қимылдауды.

Жасау керек: Музыка әуенімен ауыспалы адым жасауды.

Тілепбергенова Жайнагүл Серікқызы,

№ 43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымының

                                                                 музыка жетекшісі,

Ақтөбе қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.