Home » Айтарым бар » Бағдаршаммен саяхатқа шығамыз

Бағдаршаммен саяхатқа шығамыз

Мақсаты: Балалардың қызығушылығын арттыра отырып білімдерін бекіту;

Жол ережелерін меңгерте отырып ой-қиялдарын дамыту, 1-20-ға дейінгі сандарды реттік санауды, геометриялық пішіндерді салыстыруды буындап оқуды және дыбыстық талдауды қайталау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Қол алысып, қанекей біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру.

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Т: Балалар, мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Балалар, мен сіздерге сұрақ қойғым кеп тұр. Қайталау дегеніміз не? Кім қалай түсінеді? Не үшін керек?

Балалар: Қайталау дегеніміз сіз үйреткен нәрсені ұмытып қалмау. Күнде үйреніп жаттығу деген.

Т: Олай болса, біз бүгін үйренген нәрсемізді ұмытып қалмау үшін саяхатқа шығамыз.                                  Орнымызға отырмастан бұрын «Миға шабуыл» бөлімін бастайық.

Сұрақтар:

Жыл мезгілдерін ата?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір қай ай?

бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Бүгін ауа-райы қандай болып тұр?

Ендеше орнымызға жайғасайық.

 

Осы кезде Ғажайып Бағдаршам музыкамен келеді.

Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Саламатсыз ба, бағдаршам!

Бағдаршам: Ой, мені калай танып қойдыңыздар?

Балалар: Біз үш көзіңізден танып қалдық. Қайталап тұрамыз.

Бағдаршам: Өте жақсы, мен бүгін сіздермен саяхатқа шығамын.

Б: Алақай, Алақай. Саяхатқа қандай көлікпен барамыз?

Т: Оны қазір білетін боламыз. Қанекей, мына үстелге отырыныздар. Біз графикалық диктант жазамыз. Мұқият тыңдаңыздар.

Ақ парақта нүкте берілген.

Балалар жеңіл машинаның суретін салады.

Белгі. Машинаның суреті

1-20 ға дейін тура санайсыздар

Білгірлер: кері санау.

1-ден 10-ға дейін санамақ айтасыздар .

Реттік санамақ айтасыздар.

Сандардың көршісін табу:

5, 6, 4 көршісін ата

2, 3, 7 көршісін ата.

Қызықты есептер:

Кызықты есептер:

Тал басында тізіліп,

10 Жапырақ тұр еді

Ұшып кетті 5-уі

Тұр әліде ілініп

Жапырақтың нешеуі(5)

Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар

Қорапқа кірді біреуі

Соңынан кетті екеуі

Тығылды сонда нешеуі (3)

Аулада жүр балалар,

Самат, Арман, Сашалар.

Келді және оларға

Сәуле, Шолпан ойнауға (аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда)3

Мен жүріп келе жатып, ағаштың тасасынан екі ұзын құйрық және 4 ұзын құлақ көрдім. Олар нелер? Нешеу?

Аула артынан 8 дөңгелек көрініп тұр. Мен не көрдім, нешеуін көрдім?

Екі мысықтың аяғы нешеу?

Үш сиырдың мүйізі нешеу?

3 адамның көзі нешеу?

 

Қауіп белгісі

1 тапсырма: Паномен жұмыс,

Сөз есеп құрастыру.

Көпір

2 тапсырма салыстырамыз. Геометриялық пішіндерді салыстыру. Орындарында отырып салыстырады.

Ой, балалар, қараңдаршы, жолда тасбақа жатыр. Балалар тасбақаны толықтырады. Сегіз аяқ (сегіз аяқтың аяқтарын санау, сандық құрамын айту, есеп шығару)

Келесі белгі «Айналма жол»

Балалар есептер шығарады.

«Ғажайып қорап» ойынның шарты: бір бала қораптағы затты сипаттайды, балалар оны табады (тас, орамал, машина, банан)

Сергіту сәті: Қарлығаш.

Қауіпті бұрылыс белгісі.

— Дыбыс дегеніміз не?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыс дегеніміз не? Саны неше

— Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Саны неше?

— Әріп дегеніміз не?

— Сөз, сөйлем дегеніміз не?

Балаларға тақия, тау, жу, сөздерімен жұмыс жүргізу.

Көрдім мен қоян. Атамда менің бар тақия. Сөйлемді дұрыс байланыстыру.

Буыннан сөз құрап оқу: мек-теп

Тапсырма: сөйлем құрау, хабарлы, сұраулы, лепті

Жаяу жүргінші жолы

Балалар біз бүгін бағдаршаммен біраз нәрсені еске түсірдік.

Бағдаршам: Балалар сіздермен бірге жүрген өте көңілді. Қош сау болыңыздар.

Т: Міне, балалар, біз біраз нәрсені еске түсірдік. Қане, топқа барайық.

Баширова Лаура Қуанышовна,

№ 43 «Гүлдәурен» МДҰ

                                                                  тәрбиешісі,

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.