Күні кеше республикалық қолөнер байқауынан оралдық жеткіншектер жүлделі оралды. Ата-аналар мен ұстаздардың қуанышында шек жоқ.
Павлодар қаласында өткен республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы қолөнер бойынша балалар шығармашылық көрме-байқауы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылыпты. Осы өнер сайысына Оралдағы мектептен тыс жұмыстар орталықтарының атынан қатысқан «Қолөнер» үйірмелерінің шәкірттері үш бірдей жүлделі орынды еншілеп қайтты. Атап айтқанда, «Қолөнер» аталымы бойынша сүйектен жасалған жұмысын көрмеге ұсынған Желаев ауылындағы мектептен тыс жұмыстар орталығының тәрбиеленушісі Айбат Аманғалиев бас жүлдені жеңіп алды. Ал қалалық мектептен тыс жұмыстар орталығының оқушылары Ерболсын Қуанышов – бірінші орынды, Ақтолқын Әшіп үшінші орынды иеленді.
Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,
«Білім айнасы» Орал