2017 жылы 15 қарашада «Өрлеу» ҰБАО» Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» АҚ «Онлайн іс-шаралардың тиімділігі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған тақырыпты талқылауға мектептердің басшылары мен педагогтары, техникалық және кәсіби білім беру өкілдері, сондай-ақ филиал қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстел әңгімелесу нысанында өтті. Сөйлесу мақсаты онлайн іс-шараларды өткізудегі қиындықтар мен мәселелерді анықтау және оған облыстағы мектептер мен колледж педагогтарының қатысу тиімділігін бағалау болды.
Білім саласын бақылау жөніндегі департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы — Нина Викторовна Колесникова, ҚОӘ ББ ТжКБ әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары – Марал Мендыбаевна Бокаева, Қостанай ауданы білім бөлімінің информатика және ақпараттану жөніндегі әдіскері – Алексей Александрович Жадько, «Қостанай қаласы әкімдігі білім басқармасының № 19 орта мектебі» ММ директоры Наталья Серафимовна Шагабутдинова дөңгелек үстелдің қонағы және сарапшылары болды.
2016 жылдан бастап филиал іс-шаралардың 70% онлайн режиміне ауыстырылды. Іс-шараларды осы нысанда өткізу ұялылықты, педагогтың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылар географиясын кеңейтуге, Қазақстанның басқа да аймақтарының, Ресейдің (Мәскеу, Архангельск, Челябі, Пермь, Курган), Белоруссияның, Донецк халық республикасының педагогтарын ынтымақтастыққа тартуға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстел жанды және ыңғайлы өтті. Қатысушылар қойылған сұрақтарды белсенді түрде талқылады, мәселелерді анықтап, ұсыныстар тастады. Педагогтар іс-шараларды осы тәсілде өткізудің бірнеше қатар артықшылықтарын атап өтті, атап айтқанда: педагогке оқу үдерісін, жұмысты және жеке өмірді қатар алып жүруге мүмкіндік береді; уақыт пен қаражатты айтарлықтай үнемдейді; ақпараттық алаңның арқасында ұсынылған материалмен ыңғайлы жылдамдықта және көлемде жұмыс істеу мүмкін; онлайн іс-шараларға қатысу компьютермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді; әртүрлі әдістер, технологиялар пайдаланылады, соның арқасында мұғалімдерде өткізілетін іс-шаралардың материалдарына қызығушылық артады; интерактивтік алаңды пайдалану арқасында ақпаратты көптеген педагогтарға тез жеткізуге болады.
Дөңгелек үстел аясында YouTube-каналында презентация болып өтті, онда филиалдың барлық видеоматериалдары жинақталған: видеодәрістер, жаңалық бағдарламалар, іс-шаралар видеожазбалары, тыңдаушылардың пікірлері.
Дөңгелек үстел «Өрлеу» ҰБАО» АҚ және «Microsoft Kazakhstan» компаниясы ұйымдастырған «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби жетістікке жол» қашықтықтық республикалық конкурсының жеңімпаздарын және «Білім беру ұйымының үздік әдістемелік қызметін ұйымдастыру» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды. 2017 жылғы онлайн іс шаралардың белсенді қатысушыларына да дипломдар табысталды.
Бакуменко С.В.,
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы
Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, қоғаммен және басылым қызметімен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы