Home » Ашық сабақтар » Онербаева Ыкбал Айтбаевна. Төрле, төрле Жаңа жыл!

Онербаева Ыкбал Айтбаевна. Төрле, төрле Жаңа жыл!

(Залдың іші әсем безендірілген,  ортасында сәнді шырша)

Жүргізуші:

Даламызға,қаламызға,

Жаңа жыл кіріп келеді.

Қартыңызға,балаңызға

Жалынды сәлем береді.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,

Таңырқап тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады.

Шырша жырын жырлаңыздар.

Келіңіздер,келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер.

(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.Ертегі тамашалайды.)

 (Үйшікте әже мен немере қызымен отырады, музыка қосылып, сағат 12-ні соғады)

Әже: Е,тағы бір жаңа жыл келді. Биылғы келетін жыл Ит жылы емес пе? Лайым, жақсылық көп болғай!

Немере: Әже! Мен сіздің қызық ертегіңізді тындағым келеді. Маған ертегі  айтып беріңізші.

Әже: Олай  болса, мен саған Алладдиннің сиқырлы шамы туралы ертегіні айтып берейін. Ерте, ерте, ертеде  шығыс елінде Аладдин деген жігіт болыпты.Оның сиқырлы шамы және ұшатын кілемі болыпты. Ол онымен  ұшып жүріп бүкіл әлемді аралайды екен. Бір күні ол сен секілді бөбектердің бақшасына тап болыпты.

Немере: Әже, ертегіңіз қызық екен, сосын не болыпты?

Әже: Содан кейін не болғанын кәне мына қонақтармен бірге тамашалайық.

                             (Музыкамен Алладдин кіреді)

Алладдин:  Сәлеметсіндерме, балалар! Жаңа жыл құтты болсын !

Жүргізуші:  Алладдин!  Өзің мұнда неғып жүрсің?

Алладдин:  Мен бәрін жаңа жылмен құттықтау үшін ел аралап  жүрмін.

Сендерді де жаңа жылмен құттықтап келдім.

Жүргізуші: Олай болса қонақ болып, балалардың жаңа жылдық тақпақтарын тыңда.

  Балалар тақпақ айтады: (Айназ, Абылай, Дәулет, Іңкәр,Даниал, Ерсұлтан. )

Жүргізуші: Алладдин, біздің балалар шетінен өнерлі. Қаласаң мерекеміздің соңына дейін қалып балалардың өнерін тамашала.Жаңа жылымыз да жақындап келеді.

Алладдин: Рахмет, мен кетейін асығыспын.

Жүргізуші:  Жоқ, тоқтай тұрыңыз, біздің сізге тосын қонағымыз бар Жасмин:Салеметсіздерме Балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші: Қош келдіңіз!

Алладдин:Керемет тосын сый болды гой мынау. Жасмин сені көргеніме қуаныштымын.

Жасмин:Менде сені көргеніме  қуаныштымын.

Алладдин:Сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтап,  Жасминға өзімнің сиқырлы құмырамды сыйға тартамын қабыл ал. Ал мен енді еліме қайтайын, Жасмин мен сені өз елімде күтемін. сау болыңдар   (Алладдин кетеді)

Жүргізуші:   Ал енді мерекемізді ары қарай жалғастырайық

 Жасмин:  Балалар, мына құмыраның  сиқырлы сыры неде болды екен әәә! (аузын ашады)    (Джин күлкісі естіледі)

 Жасмин:   Ой, бұл кім? ( құмыраны қоя салады,  ішінен джин шығады)

Джин:  Ха – ха! Мен бұл құмырада 300 жыл өмір сүрдім.  Сендер маған бостандық сыйладындар,  сондықтан сендердің 3 тілектеріңді орындаймын. Менің қолымнан келмейтін нәрсе жоқ.  Кәне айтындар, қандай  тілектерің бар?

Балалар:  Біздің шыршамыздың шамы жанбай тұр, соны жағып бер.

Джин:  Жарайды, сол да сөз боп па?  Қазір -ақ жағып беремін

    1,2,3,  Шырша шамы жана түс! 

            (шырша жанады- балалар шапалақтайды)

Жүргізуші:  Мінекей, шыршамыздың шамы жанды. Олай болса, шыршамызға арнап, қыздарымыздың  әсем биін тамашалаңыздар.

                                 Би:  «Шырша»

Жүргізуші: Жарайсыңдар менің кішкентай бишілерім. Джин сізге ұнадыма?                        

Джин:Иа керемет билейді екен, ал екінші тілектерің  қандай?

Балалар:  Біз мұз патшалығын көргіміз келеді.

Джин: Жарайды, мен сендерді мұз әлеміне апарайын, кәне көздеріңді жұмыңдар(Музыка ойнайды) Мінекей мұз патшалығына да келіп қалдық.

Жүргізуші:   Балалар керемет, қандай әдемі, солай ма?Олай болса кәне, осы кереметті тамашалап жүріп, ән айтайық. Джин сенде бізге қосыл.

  Балалар  ағылшынша ән айтады:

Жүргізуші:  Жарайсыңдар балалар, рахмет саған Джин мынадай ғажайып толы қызықты әлемге алып келгеніңе.

Джин: Ха-ха-ха  сол да сөз боп па?

Жүргізуші:  Балалардың  мерекелік тақпақтарын қабыл ал. (Жомарт, Айдын, Ақбота, Нұрсая, Диас, Ақкенже.)           

Джин: Ой балалар, қандай керемет. Рахмет. Ал енді соңғы  үшінші  тілектеріңді айтыңдар.

        

Балалар:  Біз Аяз атаны көргіміз келеді.

Жүргізуші:  Иә, Джин! Біздің балалар,Аяз атаны асыға күтіп отыр. Мына Аяз атаны сиқырлап  ортаға келтірші. ( шыршадан ойыншық аяз атаны береді)

Джин:  (сиқырлап сәл үлкенірек аяз атаның ойыншығын шығарады)

Балалар:  Жоқ, Аяз ата бұдан да үлкен!

Джин: ( тағы да сиқырлап одан да үлкенін шығарады)

Балалар: Жоқ,  Аяз ата –ойыншық емес, ол тірі адам!

Джин: Олай болса,сендер де маған көмектесіңдер, кәне балалар бәріміз бірге сиқырлы сөз айтайық: Ахалай-махалай, сим-салавим. (музыкамен тауық келеді)

Тауық:  Хыт-хыт-хыт Сәлеметсіңдер ме, Балалар. Қалдарың қалай?

Мен дағы бір қонақпын,

Он екі жылда оралар.

Үлкендерге ақ ниет,

Кішіге де ақ ниет,

Сіздерге де мың рахмет.

Жүргізуші: Балалар бұл кім? Аяз ата ма?

Балалар: Жоқ, Тауық.

Жүргізуші: Джин кішкентай сиқыршыларды  көмекке ортаға шақырайық:

Би: «Сиқыршылар»

Джин:ой, жарайсыңдар, Кәне балалар тағы да маған Аяз атаны шақыруға көмектесеңдер. Бәріміз бірге Аяз ата деп айқайлайық.

Балалар:  Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

         (Атаны айғайлап шақырады, Аяз ата шығады)

Аяз ата:  Амансыңдар ма балғын бөбектерім! Мен сендерге асыға келдім,

Жүргізуші:    Қош келдіңіз аяз ата!  Біз сізді қуана тосып отырмыз.

Джин: Мінеки балалар мен сендердің үш тілектеріңді де орындадым, ал енді мен кетейін, сау болыңдар,  жаңа жылды жақсы тойлаңдар!  (Джин кетеді)

Жүргізуші:  Балалар аяз атаның келу құрметіне ән шырқайық.

Ән « Аяз ата»

Аяз ата: Жарайсыңдар қандай өнерлі балалар.

Жүргізуші: Біздің балаларға әкелген сыйлықтарыңыз да бар шығар?

Аяз ата: Сыйлық демекші, мен сыйлықтарды  ұмытып кетпейін деп Ақшақарға табыстап едім, ол әлі келмеген бе?

Жүргізуші: Жоқ,  келген жоқ.

Жүргізуші: Енді не істедік?  Балалар сыйлықтан құр қалатын болды ма?

Аяз ата: Сендер неге мұңаясыңдар. Саспаңдар, менің таяғым сиқырлы ғой, қазір сиқырлы сөз айтып, Ақшақарды осында келтіремін!

Келші, келші Қарша қыз

Күтеміз сені баршамыз!

 (Музыкамен Ит пен  Ақшақар сыйлықты алып кіреді)

Ит: аф, аф Салем балақайлар! Мереке құтты болсын!

Жеті қазынаның бірімін,

Қасқыр келсе үремін.

Ақшақар : Сәлеметсіндерме, балалар! Аяз ата, кешіріңіз мен адасып кетіппін. Мені  ит жылы жетелеп, осында әкелді.

Жүргізуші: Ақшақар және Ит қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Балалар, Мінеки Аяз ата да, Ақшақар да осында. Ендеше оларға тақпақтарымызды айтып берейік:

  Балалар тақпақ айтады:(Айнұр, Нұрахмет, Арайлым, Қайсар, Аида.)

Жүргізуші:  Жарайсыңдар Балалар.

Тауық: Қандай өкінішті, менің қоштасатын уақытым да болып қалыпты.

(Тауык жылы Ит жылына кілтті табыстайды)

Жүргізуші: Тауық жылы көп жақсылық әкелді, ит жылында оданда көп жақсылық көп болсын!

Жүргізуші: Балалар Ит жылы арамызға қосылып, көңіліміз көтерілді. Тамаша көңіл күймен ойын ойнайық.

Ойын: «Сүйек жинау»(шарты: Балалар шашылған сүйектерді жинайды)

Жүргізуші: Жарайсыңдар Балалар, барлықтарыңа ойын ұнады ма? Аяз ата сізге біздің балалардың өнерлері ұнап жатырма?

Аяз ата: Иа өте керемет.

Жүргізуші:  Аяз ата! Балалар Ақшақармен қосылып, би билеп берсін

Би «Ұлпақарлар» 

Аяз ата: Керемет өте өнерлі бүлдіршіндер екен, Ақшақар қызым бізді басқада балалар күтіп қалған шығар. Балаларға сыйлықтарын таратып беріп, бізге жолға шығайық.

Ақшақар:Жарайды.

Жүргізуші: Балалар қане олай болса, Аяз атамен Ақшақарды шығарып салайық, Сау болыңыздар!

Жүргізуші:  Балалар осымен бізде  бәріміз бірге ән айтып 2017 жылмен қоштасайық.

Ән: «Тик-так»

Әжей:  Мінекей, құлыным Аладиннің сиқырлы шамы туралы ертегі осындай. Ал Аладдин мен Жынның қатысуымен болған балабақшадағы Жаңа жыл мерекесі осылай аяқталыпты.

 

      

Онербаева Ыкбал Айтбаевна,
 Мұнайлы ауданы, Маңғыстау 5 елдімекен
№ 9  «Бәйтерек» балабақшасы,
тәрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.