Home » Айтарым бар » Ойы ұшқыр, білімді ұстазға мың алғыс

Ойы ұшқыр, білімді ұстазға мың алғыс

Елбасы Н.Назарбаевтың еліміздің жастарына жасап жатқан игі істері өте көп. Қазіргі таңда білімді болашақ тәрбиелеу үшін ұстаздарымыздың білікті, білімді, жан-жақты дамыған болуы үшін қазіргі таңда мұғалімдердің шеберлігін көтеру мақсатында курстар ұйымдастырылуда.

Осы сөзге дәлел Түлкібас ауданы Абай атындағы мектеп лицейі базасында 06.03.2017-11.03.2017ж. аралығында математика пән мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың математикалық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында біліктілік арттыру курсын Бану Сүгірованың жетекшілігімен өттік. Курс барысында бізге көптеген мәліметтер мен мағлұматтар берілді. Атап айтқанда, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға арналған логикалық тапсырмаларын, шығармашылық жұмыстарын, жоба жұмыстарын толыққанды меңгертті. Бану Сүгіроваға толағай табыс пен шығармашылық ізденіс тілеймін!

Э.К. Кульназарова

ОҚО, Түлкібас ауданы,

М.Лермонтов атындағы жалпы

орта мектебінің математика

пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.