Home » Мақалалар » «Ойын арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық негіздері»

«Ойын арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық негіздері»

Токабаева Майра Каматаевна

№ 76 «Әдемі» балабақшасының

тәрбиешісі

 

«Ойын арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық негіздері»

Баланың  омірдегі алғашқы қадамы, бірінші әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәнісі ерекше. Жас баланың омірді танып, еңбекке қатысуы,  психологиялық ерекшеліктері  осы ойын устінде қалыптасады.

Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді»,  «Ойында озған омірде де озады» деген сөздің сырына жүгінсек мектеп алды баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті.  Ойын барысында  бала озін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Баланың ақыл-ой және шығармашылық  қабілеттерін дамыту үшін ең қолайлы кезең 3 пен 9 жас аралығы.  Ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық ойын. Мысалы, «Есіңе сақта және сурет сал», «Неге ұқсас?»  сияқты практикалық әрекеттер арқылы  бала адамгершілік және әділдікке, әсемдікке талпынып  өмірге жақсы көзбен қарым-қатынас  жасайды.

Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру, эстетикалық және шығармашылық тәрбие берудің маңызды құралы  деуге болады.  Тәрбиеші ойынды дене тәрбиесінің  құралы ретінде де кеңінен пайдаланады. Ол үшін бала бойында толық әрі терең зат алмасуына, белсенді қозғалыспен жүріс-тұрыстың икемді, әсем болуына,  дене құрылысының дамуына тиімділерін таба білу керек.

Әр ойынның өзіндік тәрбиелік маңызы болады. «Тәрбие- бала дүниеге келген кезден басталады» деген сөздің жаны бар. Бесік жырын, ана әлдиін естіп, халық тдәстүріне тәрбиеленген  баладан туған  халқын сүйетін, дінін, тілін қастерлейтін, мейірімді де тәрбиелі   азамат өсіп шығары анық.

Ойынды қолданумен бірге ойлануға, шығармашылығын байытуға  бағыт алады.   Баланың ойын кезіндегі  қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.  Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Бала бір нәрседен толық түсінік алу үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын практика дәлелдеп отыр. Мысалы, бала біренше секунд ішінде жазу үстеленің  үстінде   тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да, есіне сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес зейінінде дамытуға болады.

Балалар  ойындарының тәрбиелік маңызын бағалай келіп, А.С. макаренко  былай деп жазады: «бала ойында қалай,  өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Ойынның негізгі ерекшелігі-ол балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынастарын бейнелеуі болып  табылады. Ойында бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды, жүреді, жүгіреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл  атқарады.

Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының  жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Балабақша» және т.с.с  болып ойнайды.

Ойынның сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара  қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын ешқашанда  өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұны, өзіне тәнерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді, драматизациялық, дидактикалық, қимылды, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті-рөлді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті-рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін.

Драматизациялық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандайда бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б сюжеті мен мазмұнына ұқсас болады. Ол сюжетті-рөлді ойынға ұқсас.

Ойынның бала өміріндегі орны туралы жасалатын тұжырым мынандай болмақ:

А) ойын- тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұзартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді;

Ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді;

Б) ұжымдық әрекеттері өсе түседі;

В) эстетикалық-шығармашылық қабілеттерін дамытады;

Г) еңбек тәрбиесін шешуге мүмкіндік береді;

Ғ) дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Демек, ойын баланың жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің  психологилық және физиологиялық негізін құрайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.