Home » Жаңалықтар » «Нұр Отан» – балалардың бақыты үшін»

«Нұр Отан» – балалардың бақыты үшін»

2018 жылдың 6 желтоқсаны күні «Өрлеу» «БАҰО»  АҚ «Нұр Отан» — «Білікті ұстаз» партиясының бастауыш партия ұйымының партиялық бөлімшесі – «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Түркісіб ауданында орналасқан Психо-неврологиялық аурулары бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығында «Нұр Отан» – балалардың бақыты үшін» атты республикалық қайырымдық акциясын қолдау мақсатында іс-шара өткізді.

Шараға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы, Алматы қаласының мәслихат депутаты Г.Ахметова, Түркісіб аудандық филиалы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н.Әжібаев және филиал қызметкерлері қатысты.

Қайырымдылық акциясы аясында Психо-неврологиялық аурулары бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы тәрбиеленушілеріне оқуға қажетті заттар және жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсету – «Нұр Отан» партиясының маңызды бағыттарының бірі.

 

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.