Home » Поэзия » Елім менің

Елім менің

Көңілім, жыр аңсайды жырақтардан

Сағым болып кетсе де жыраққа арман

Жұдырықтай жүрегімнен бір өзіңе,

Қалам алып, шын көңілден жыр ақтарам.

Елім менің егеменді, еңселі

Әрқашан да пір тұтамын тек сені

Тал бойымнан алтын, жақұт төксе де,

Айырбастау ойымда жоқ мен сені

Қазақ елі талай құлап, сүрінді

Берілмедің қайта тіктеп бойыңды.

Белді бекем будыңдағы,тек алға

Қадам бастың жыйдыңдағы ойыңды

Қара түнді алмастырды  күн нұры

Енді ешқашан айтылмайды жыр мұңлы

«Тәуелсіздік» әні ғана айтылып,

Күмбірлеген күй төгілед сан қырлы

Құндылықтың бастауы- асқақ Елім

Мерейің үстем болсын мәңгі сенің!

Болашаққа бағдар берді Елбасымыз

Сақтасын деп, Туған жердей алтын кенің

Рухың биік, шоқтығың елден ерек

Мәңгіліксің бұл сөзге әлем сенед

Жасампаз Елбасының бастауымен

Ұлы халық артыңнан жүріп келед

Таңқаламын бір өзіңе дала таңым

Тебіреніп толқиды менің жаным

Әманда туған жер тұғырыңа,

Бас иемін қалғанша қасық қаным!
Елім үшін еңселімін бойында

Елбасы деп жыр толып тұр ойымда

Елбасы үшін жыр толғасам бүгінде

Сөз маржаны бітіп қалар бойымда

 

      Якубова Арайлым
«Мұхаметқұл Исламқұлов» атындағы жалпы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.