Home » Балабақша » Не ұшады,секіреді, жүгіреді?

Не ұшады,секіреді, жүгіреді?

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Балалардың құстар, аңдар туралы түсініктерін одан әрі дамыту. Балалардың іскерлік қабілетін дамытып, есте сақтау, ойлау және аңғарымдылық қабілетін дамыту. Қысқаша әңгіме құрау, дыбыстық талдау жасауларын  жетілдіру
Ұшатын, секіретін, құстар мен аңдарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Сөздерді анық айта білуге үйрету. Жан — жануарлар мен құстарды аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: ұшады-летает, секіреді-прыгает, жүреді-ходит.

 

Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық-қозғаушылық

 

-Ой, балалар, сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Қане, балалар бір-бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.

Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
Енді балалар, бәріміз орындыққа жайғасайық.

Қозғалыс жасай тұрып, барлығы айтады, бір-біріне сәлем береді.
 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Әңгімелесу.
— Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
— Дұрыс айтасыңдар, қыста не жауады?
— Өте жақсы, қазір ауа-райы қандай болып тұр?

— Ия, тоңып қалмас үшін жылы, қалың киім киеді екенбіз. Балалар айтыңдаршы, біз далаға шыққанда қандай құстарды көреміз?
— Тақтадағы суреттерге қараңдаршы, қай жыл мезгілі бейнеленген?
— Мына жерде не көріп тұрсыңдар?

 

— Балалар, менің қолымдағы ненің суреті?
— Қарға деп бәріміз қайталайықшы.Қарғаның тұмсығы бар, тұмсығымен су ішеді,жем шоқып жейді. Қарғаның қанаты бар, қанатын жазып ұшады. Қарға қандай дыбыс шығарады?
— Қарға аспанда қалай ұшады, қимылын салып көрейікші.
— Балалар, мына суретке қараңдаршы бұл тиін, қане қайталайықшы.
— Тиіннің жүні үлпілдек, өзі сондай әдемі аң. Тиін жаңғақ жейді, қане бәріміз жаңғақ деп қайталайықшы.
— Тиін талдан-талға жеңіл секіреді.(Талға тиінді қою)
— Енді тиіннің қимылын көрсетейікші.
-Ал мынау күшіктің суреті. Күшіктің де жүні жұмсақ, әдемі, сүйкімді. Қане күшікке ат қояйықшы. Күшікке Ақтөс деп атайық. Ақтөс ет, сүйек жегенді жақсы көреді. Олар адамның досы. Егер үйге бөтен адам келсе үреді.

— Ал енді, балалар, Ақтөстің қимылын салайықшы.
— Балалар қарға ұшады екен, ал тиін секіреді екен, ал күшік болса жүгіреді екен.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық.

 

«Не ұшады, секіреді, жүгіреді» ойыны.

Шарты: аталған жануар, құстардың қандай қимыл жасайтынын анықтау.

Мысалы: қарлығаш –ұшады, қосаяқ-секіреді, сиыр-жүреді т.б.

 

Дыбыстық талдау.

Ит, қарға, тиін сөздеріне дыбыстық талдау жасатады.

 

«Қандай құстар?» ойыны.

Шарты: жыл құстары және қыстап қалатын құстарды ажыратады.

 

«Құстарды ажырат» ойыны.

Шарты: үй құстары мен жабайы құстардың айырмашылығын білу.

 

«Әңгіме құра» ойыны.

Шарты: суреттер бойынша не ұшады, секіреді, жүгіреді

ажырату, әңгімелеп беру.

 

— Қыс мезгілі.
— Қар жауады.
— Суық болып тұр, біз тоңамыз.

— Қарғаны, торғайды көреміз.

— Қыс мезгілі

— Қар басқан үйді, үйшікті, қар басқан талды көріп тұрмыз.
— Қарға

— Қарқ-қарқ деп дыбыстайды.

Қарғаның қимылын салады.

— Тиін.

— Жаңғақ.

Тиіннің қимылын салады.

 

 

Күшіктің қимылын салады.

 

Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

Ұшатын, секіретін, жүретін жануарлар, құстарды атайды.

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

 

Жыл құстары және қыстап қалатын құстарды ажыратады.

Үй құстары мен жабайы құстарды атайды, айырмашылықтарын айтады. Үй құстары ұшпайды, адам оларға қамқор болады т.б.

Мысалы: қараторғай ұшады, өйткені оның қанаты бар. Ол жыл құсы. Күзде жылы жаққа ұшып кетеді.

Сиыр жүреді. Ол үй жануары. Ол адамға пайда әкеледі.

Үйрек үй құсы , Оның қанаттары болса да, ол ұша алмайды. Адам оған қамқорлық жасайды т.б.

 

Рефлекстік-түзеу

— Бүгін нелер туралы әңгімелестік?

-Сонымен нелер ұшады, секіреді, жүреді екен?

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтайды.

 

Сабақта алған білімдерін тиянақтайды.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу тиіс: Ұшатын, секіретін, жүгіретін сөздерінің мәнін  білу;

Нені игеру керек:Әңгіме құрау арқылы сөздік қорларын байыту;

Нені біледі: Байланыстырып сөйлеу, дыбыстық таладу жасау, құстар мен жануарлардың іс-қимылдарын ажырату, етістіктер мен зат есімді байланыстыру.

 

Атагелдиева А.Т.

тәрбиеші

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.