Home » Поэзия » Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан

Қазағым Қазақстан, қазақ елім!

Мен сені мақтан тұтам туған жерім.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі!

Кетпесін қазағымның берекесі.

Білеміз біз!

Бұл күн, оңайлықпен келмегенін.

Жастар қаны, жазықсыз, төгілгенін.

Ұмытпаймыз желтоқсанды ешқашан.

Құрметтейік Тәуелсіздігімізді әрқашан.

Қазағымды көремін биіктерден.

Көк туымыз аспанда желбіреген.

Құтты болсын мереке бәрімізге.

Әнұран, Елтаңба, теңгемізде!

Бәріміздің арманымыз осы еді ғой.

Қазағым сен намысшыл халықсын ғой!

Тілі менен салт-дәстүрін жоғалтпаған.

«Қазақ» атын мәңгілікке сақтап қалған!

Қаншама ұлт бауырыңа паналады,

Әлем де байлығыңды бағалады.

Байлығың мол, байтақ жерің де кең.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекең!

 

  1. Қазағым өзін-өзі жігерлеген.

Ешкімге жамандықты тілемеген.

Әрқашан төрінен орын беріп,

Басқа ұлтты сыйлап, құрметтеген.

 

  1. Тәуелсіз Қазақстан – менің жерім!

Қанатың көкке самғаған қазақ елім.

Бақыт құсы бағымызға қонды бүгін.

Қазақстан, мен сен үшін мақтанамын!

 

 

Турмаганбетова Зайдагуль Уменовна
бастауыш сынып мұғалімі,
«102 мектеп-гимназия» ҚММ,
Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.