Home » Мақалалар » Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Наурыз — бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Украинда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі.Айта кеткен жөн, Наурызға қатысты әр түрлі сенімдер, дәстүрлер жетіп артылады.

Наурыз — Жаңа жылдың басы. Бұл күн, яғни наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні — аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі. Сондықтан халық санасында ол — Әз Наурыз деп аталады. Бұл күн —  сонымен қатар жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Осы күннен бастап Жаңа жыл басталады.
Адамның аузы аққа, малдың аузы көкке тие бастайды.  Ново-Урицк орта мектебінде 1-4 сыныптарда «Наурыз Мейрамы!» атты айдармен мерекелік кеш өткізілді. Наурыз мерекесінде  осындай бірлігі жарасқан  әр ұлт орыс ұлтының, қырғыз ұлтының, өзбек ұлтының, украин ұлтының және өзіміздің қазақ ұлтының өнерлерің, салт- дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын әр сынып  көрсетті.
«Наурыз Мейрамы!»  тақырыбына жүргізушілер сайыс ұйымдастырды сайыс барысында салт –дәстүрдің озық  үлгілерінен  сұрақтар қойылып ұтымды жауаптар алынды.  Осылай  оқушыларымыз Наурыз мерекесін көңілді тойлады.
 

Мангужина А.К.
Қазақ тілі мен әдебиет пәніні мұғалімі,
Ново-Урицк орта мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.