Home » Жаңалықтар » М.Монтессори материалдар жұмыстары облыстық семинарда көрсетілді

М.Монтессори материалдар жұмыстары облыстық семинарда көрсетілді

31 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын іске асыру аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытуда М.Монтессори педагогтың рөлі: тәжірибе мен болашағы» тақырыбында облыстық  семинарын  Атырау қаласы Н.Назарбаевтың «Білім қоры» Қоғамдық қорының филиалы «Мирас» бөбекжай балабақша базасында өткізді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори педагог технологиясы арқылы балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдей отырып жан-жақты дамыту мақсатында өткізілген семинара жұмысына Атырау қаласы мен  аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.

Облыстық семинарда  М.Монтессори әдісін қолдану тәжірибесі, дамыту аймақтары бойынша таныстырылып, ұйымдастырылған оқу қызметі ІІ кіші топ пен ересек топтарында «Сенсорика және математика», «Балалар және музыка» тақырыбында шебер сыныптар өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салып, арнайы жасақталған  М.Монтессори – материалдары бойынша көрмені тамашалады.

Шара соңында семинар жұмысына белсенді қатынасушыларға арнайы дайындалған Алғыс хат пен сертификаттар табысталды.

Г.С.Қаленова

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.